"Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы"

Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2017 жылғы 1 наурызда № 8/3 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 16 наурызда № 5761 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2017 жылғы 7 қарашадағы № 15/8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 07.11.2017 № 15/8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидалары бекітілсін.

      2. Шиелі аудандық мәслихатының келесі шешімінің күші жойылды деп танылсын:

      "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы Шиелі аудандық мәслихатының 2016 жылғы 25 тамыздағы № 4/5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде №5591 тіркелген, 2016 жылғы 14 қыркүйектегі №72 (8423) "Өскен өңір" газетінде жарияланған).

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы Н. Көпенов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Ә.Оразбекұлы
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қызылорда облысының жұмыспен
қамтудыүйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_______________А.АЛДАЖАРОВ
"01" наурыз 2017жыл

  Шиелі аудандық мәслихатының
2017 жылғы “ 01” наурыздағы
№ 8/3 шешiмiмен бекiтiлген

Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау

Қағидалары

      1. Осы Әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) “Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзiрлендi және әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау тәртiбiн белгiлейдi.

1. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi терминдер мен ұғымдар:

      1) арнайы комиссия – өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтiк көмек көрсетуге үмiткер адамның (отбасының) өтiнiшiн қарау бойынша аудан әкiмiнiң шешiмiмен құрылатын комиссия;

      2) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      3) ең төмен күнкөрiс деңгейi – “Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Қызылорда облысының Статистика департаменті” Республикалық мемлекеттік мекемесі есептейтiн, мөлшерi бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бiр адамға қажеттi ең төмен ақшалай кiрiс;

      4) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – Шиелі ауданының әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде Шиелі ауданының аумағында жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган (бұдан әрі - ЖАО);

      5) мереке күндерi – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттiк мереке күндерi;

      6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбiр мүшесiне келетiн үлесi;

      7) өмiрлiк қиын жағдай – азаматтың тыныс-тiршiлiгiн объективтi түрде бұзатын, ол оны өз бетiнше еңсере алмайтын ахуал;

      8) уәкiлеттi орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын “Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      9) уәкiлеттi ұйым – “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы – “Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы” Департаментінің Шиелі аудандық бөлімшесі;

      10) учаскелiк комиссия – әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш бiлдiрген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу және қорытындылар дайындау үшiн кент, ауылдық округ әкiмiнiң шешiмiмен құрылатын комиссия;

      11) шектi шама – әлеуметтiк көмектiң бекiтiлген ең жоғары мөлшерi.

      3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтiк көмек ретiнде ЖАО мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрi – алушылар) өмiрлiк қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндерiне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететiн көмек түсініледі.

      4. Әлеуметтiк көмек бiр рет және (немесе) мерзiмдi (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетiледi.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесі және әлеуметтік көмектің мөлшерлері

      5. Әлеуметтiк көмек алушылар санаттарының, әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі және әлеуметтік көмектің мөлшерлері:

      1) 9 мамыр – Жеңіс күніне орай:

      Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына – 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен марапатталған адамдарға – 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет;

      жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына: Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен марапатталған адамдар, сондай -ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен марапатталмаған адамдарға – 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет;

      2) 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай:

      саяси қуғын-сүргін құрбандарына, мүгедек болып қалған немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдарға – 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет;

      3) 15 ақпан – Ауғанстан аумағынан совет әскерлерін шығару күніне орай:

      жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушыларына теңестірілген адамдар, оның ішінде басқа мемлекеттердiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларына, атап айтқанда: бұрынғы КСР Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Совет Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттік қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлігінiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде);

      жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлерге;

      ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлеріне;

      бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне;

      Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлерге – 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет;

      Жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілген адамдар, оның ішінде: бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер, әскери мiндетiн орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яки майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде әскери мiндетiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдар – 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет;

      4) 26 сәуір – Чернобыль АЭС-індегі апатқа ұшырағандарды еске алу күніне орай:

      1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдарға - 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет;

      5) 29 тамыз – Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне орай:

      азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдарға - 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет;

      6. Әлеуметтік көмек алушылардың өзге де санаттары:

      1) Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына, әлеуметтік қолдау ретінде – 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет;

      2) “Отан”, “Даңқ” ордендерімен наградталған, айырымның ең жоғары дәрежесі - “Халық Қаһарманы” атағына, республиканың құрметті атақтарына ие болған азаматтарға әлеуметтік жеңілдік ретінде ай сайын – 1,9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      3) Мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеуге – 9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      Бұл ретте, уәкілетті орган оқытуға жұмсаған шығындарды өтеуді кемтар балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне тиісті білім беру кезеңіне тоқсан сайын жүзеге асырады;

      Шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеп соғатын жағдайлар туындағанда (мүгедек баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау, мүгедек баланың интернат-үйі немесе санаторлық мектепте оқып жатқан кезеңінде, мүгедек баланың тұрғылықты жерін ауыстыруы), төлемдер аталған жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      7. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде алушылар санатының тізбесі мен әлеуметтік көмектің шекті шамалары:

      1) табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне келген зардабын жоюға – бір рет, әрбір отбасы мүшесіне 40 айлық есептік көрсеткішке дейін, бірақ бір отбасына 150 айлық есептік көрсеткіштен артық емес;

      2) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезден емделудің сүйемелдеу сатысындағы азаматтарға табыстарын есепке алмай, қосымша тамақтануға - ай сайын 10 айлық есептік көрсеткіштен артық емес;

      3) гемобластоздар мен апластикалық анемияны қосқанда гемотологиялық аурулармен ауыратын диспансерлік есепте тұрған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне - ай сайын 7,6 айлық есептік көрсеткіштен артық емес;

      4) Өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы Қызылорда облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың тұлғаларына тұрмыстық қажеттіліктерге әлеуметтік көмек, жылына бір рет - шекті шама 10 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде көрсетіледі;

      5) Орта білім алғаннан кейін “Бакалавр” академиялық дәрежесін алу үшін, жоғарғы оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлауға бағытталған “Магистр” академиялық дәрежесін алу үшін және Қазақстан Республикасының медициналық білім және ғылым ұйымдарында резидентурада медицина кадрларын дайындау үшін, өңірге қажет мамандықтар бойынша, әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал тобы қатарынан, күндізгі оқыту нысаны бойынша білім алушыларға оқу ақысын төлеуге әлеуметтік көмек аудан жастарына тағайындалады.

      Әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал тобы қатарынан білім алушыларға:

      бала кезінен мүгедектер, мүгедектер;

      жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

      асыраушысынан айырылған балалар;

      интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілері;

      көп балалы отбасылардың балалары;

      ата-анасының екеуі де зейнеткер болып табылатын балалар;

      ата-анасының біреуі немесе екеуі І және ІІ топтағы мүгедек болып табылатын балалар;

      отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар;

      оралмандардың отбасындағы балалар жатады.

      Білім алушыларға әлеуметтік көмек жергілікті бюджет қаражаты есебінен, жылына бір рет, оқу орнының білім беру қызметінің құны шегіндегі жыл сайынғы төлемдерді және тамақтану мен тұру шығындарын өтеуге көрсетіледі.

      8. Азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      3) Шиелі аудандық мәслихаты ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады.

      9. Әрбiр жекелеген жағдайда көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек мөлшерiн арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындыда көрсетедi.

3. Әлеуметтiк көмек көрсету тәртiбi

      10. Атаулы күндер мен мереке күндерiне әлеуметтiк көмек алушылардан өтiнiштер талап етiлмей уәкiлеттi ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ЖАО бекiтетiн тiзiм бойынша көрсетiледi.

      11. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек алу үшiн өтiнiш берушi өзiнiң немесе отбасының атынан уәкiлеттi органға немесе кент, ауылдық округтың әкiмiне өтiнiшке қоса мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты;

      2) тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты;

      3) Үлгілік қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша адамның (отбасының) құрамы туралы мәлiметтердi;

      4) адамның (отбасы мүшелерiнiң) табыстары туралы мәлiметтердi;

      5) өмiрлiк қиын жағдайдың туындағанын растайтын актiнi және/немесе құжатты ұсынады.

      12. Құжаттар салыстырып тексеру үшiн түпнұсқаларда және көшiрмелерде ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.

      13. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек көрсетуге өтiнiш келiп түскен кезде уәкiлеттi орган немесе кент, ауылдық округтiң әкiмi бiр жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiнiң құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу үшiн учаскелiк комиссияға жiбередi.

      14. Учаскелiк комиссия құжаттарды алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiге тексеру жүргiзедi, оның нәтижелерi бойынша Үлгілік қағидалардың 2, 3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы актi жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтiк көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкiлеттi органға немесе кент, ауылдық округ әкiмiне жiбередi. Кент, ауылдық округ әкiмi учаскелiк комиссияның актiсi мен қорытындысын алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде оларды қоса берiлген құжаттармен уәкiлеттi органға жiбередi.

      15. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн құжаттар жетiспеген жағдайда уәкiлеттi орган әлеуметтiк көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшiн қажеттi мәлiметтердi тиiстi органдардан сұратады.

      16. Өтiнiш берушiнiң қажеттi құжаттарды олардың бүлiнуiне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда уәкiлеттi орган тиiстi мәлiметтердi қамтитын өзге уәкiлеттi органдар мен ұйымдардың деректерi негiзiнде әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм қабылдайды.

      17. Уәкiлеттi орган учаскелiк комиссиядан немесе кент, ауылдық округ әкiмiнен құжаттар келiп түскен күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеудi жүргiзедi және құжаттардың толық пакетiн арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      18. Арнайы комиссия құжаттар келiп түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн көрсетедi.

      19. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң әлеуметтiк көмек алуға қажеттi құжаттарын тiркеген күннен бастап сегiз жұмыс күнi iшiнде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындысының негiзiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 15 және 16-тармақтарында көрсетiлген жағдайларда уәкiлеттi орган өтiнiш берушiден немесе кент, ауылдық округтiң әкiмiнен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

      20. Уәкiлеттi орган шешiм қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қабылданған шешiм туралы (бас тартқан жағдайда – негiздемесiн көрсете отырып) өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi.

4. Әлеуметтiк көмек көрсетуден бас тарту, көрсетiлетiн әлеуметтiк көмектi тоқтату және қайтару үшiн негiздемелер

      21. Әлеуметтiк көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтiнiш берушi ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған;

      2) өтiнiш берушi адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзуден бас тартқан, жалтарған;

      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін Шиелі аудандық мәслихаты белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

      22. Әлеуметтiк көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң шегiнен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) алушы ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтiк көмектi төлеу көрсетiлген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      23. Артық төленген сомалар ерiктi немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзгеше тәртiппен қайтаруға жатады.

5. Әлеуметтік көмекті төлеу және қаржыландыру

      24. Әлеуметтік көмек екінші деңгейдегі банктердегі және банктік қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы алушылардың жеке шоттарына ақшалай сомаларды аудару жолымен жүргізіледі.

      25. Әлеуметтік көмек тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгерісін ескере отырып төленеді.

      26. Әлеуметтік көмек беруге шығыстарды қаржыландыру аудан бюджетінде көзделген ағымдағы қаржылық жылға арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

6. Қорытынды ереже

      27. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды уәкiлеттi орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорларын пайдалана отырып жүргiзедi.

Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан

Решение Шиелийского районного маслихата Кызылординской области от 1 марта 2017 года № 8/3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 16 марта 2017 года № 5761. Утратило силу решением Шиелийского районного маслихата Кызылординской области от 7 ноября 2017 года № 15/8

      Сноска. Утратило силу решением Шиелийского районного маслихата Кызылординской области от 07.11.2017 № 15/8 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Шиелийский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категории нуждающихся граждан.

      2. Признать утратившим силу следующее решения Шиелийского районного маслихата:

      Решения Шиелийского районного маслихата от 25 августа 2016 года № 4/5 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (Зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 5591, опубликовано в газете ) "Өскен өңір" №72 (8423) от 14 сентября 2016 года).

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.

      Председатель сессии районного маслихата Н. Копенов
      Секретарь районного маслихата А. Оразбекулы
      "СОГЛАСОВАНО"
Руководитель государственного
Учреждения "Управление координации
занятости и социальных программ
по Кызылординской области"
________________ А.АЛДАЖАРОВ
"01" марта 2017 год

  Утверждены решением
Шиелийского районного маслихата
от “01” марта 2017 года № 8/3

Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан

      1. Настоящие Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года “О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан” и Типовыми правилами оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан № 504 от 21 мая 2013 года (далее – Типовые правила) и определяют порядок оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан.

1. Общие положения

      2. Основные термины и понятия, которые используются в настоящих Правилах:

      1) специальная комиссия – комиссия, создаваемая решением акима района по рассмотрению заявления лица (семьи), претендующего на оказание социальной помощи в связи с наступлением трудной жизненной ситуации;

      2) памятные даты – события, имеющие общенародное историческое, духовное, культурное значение и оказавшие влияние на ход истории Республики Казахстан;

      3) прожиточный минимум – необходимый минимальный денежный доход на одного человека, равный по величине стоимости минимальной потребительской корзине, рассчитываемый Республиканским государственным учреждением “Департамент статистики Кызылopдинской области Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан”;

      4) местный исполнительный орган (акимат) - коллегиальный исполнительный орган, возглавляемый акимом Шиелийского района, осуществляющий в пределах своей компетенции местное государственное управление и самоуправление на территории Шиелийского района (далее - МИО);

      5) праздничные дни – дни национальных и государственных праздников Республики Казахстан;

      6) среднедушевой доход семьи (гражданина) – доля совокупного дохода семьи, приходящаяся на каждого члена семьи в месяц;

      7) трудная жизненная ситуация – ситуация, объективно нарушающая жизнедеятельность гражданина, которую он не может преодолеть самостоятельно;

      8) уполномоченный орган – коммунальное государственное учреждение “Шиелийский районный отдел занятости, социальных программ и регистрации актов гражданского состояния” финансируемый за счет местного бюджета, осуществляющий оказание социальной помощи;

      9) уполномоченная организация – Шиелийское районное отделение департамента “Межведомственный расчетный центр социальных выплат” - филиала некоммерческого акционерного общества “Государственная корпорация “Правительство для граждан” по Кызылординской области;

      10) участковая комиссия – комиссия, создаваемая решением акима поселка, сельского округа для проведения обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за социальной помощью, и подготовки заключений;

      11) предельный размер – утвержденный максимальный размер социальной помощи.

      3. Для целей настоящих Правил под социальной помощью понимается помощь, предоставляемая МИО в денежной или натуральной форме отдельным категориям нуждающихся граждан (далее – получатели) в случае наступления трудной жизненной ситуации, а также к памятным датам и праздничным дням.

      4. Социальная помощь предоставляется единовременно и (или) периодически (ежемесячно, ежеквартально, 1 раз в полугодие).

2. Перечень категорий получателей социальной помощи и размеры социальной помощи

      5. Перечень категорий получателей социальной помощи, памятных дат и праздничных дней для оказания социальной помощи, а также кратность оказания социальной помощи и размеры социальной помощи:

      1) ко Дню Победы - 9 мая:

      Участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, вдовам воинов погибших (умерших, пропавших без вести) в Великой Отечественной войне не вступившим в повторный брак, бывшим несовершеннолетним узникам концлагерей, гетто и других мест принудительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период второй мировой войны – раз в год в размере 40 месячных расчетных показателей;

      лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны – раз в год в размере 20 месячного расчетного показателя;

      другим категориям лиц, приравненным по льготам и гарантиям к участникам войны: лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны, а также лицам, проработавшим (прослужившим) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 
1945 года и не награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны – раз в год в размере 30 месячного расчетного показателя.

      2) ко Дню памяти жертв политических репрессий и голода – 31 мая:

      жертвам политических репрессий, лицам, пострадавшим от политических репрессий, имеющим инвалидность или являющимися пенсионерами – раз в год в размере 3 месячного расчетного показателя.

      3) ко Дню вывода советских войск из Афганистана – 15 февраля:

      лицам, приравненным по льготам и гарантиям к участникам Великой Отечественной войны, в том числе участникам боевых действий на территории других государств, а именно: военнослужащим Советской Армии, Военно-Морского Флота, Комитета государственной безопасности, лицам рядового и начальствующего состава Министерства внутренних дел бывшего Союза ССР (включая военных специалистов и советников), которые в соответствии с решениями правительственных органов бывшего Союза ССР принимали участие в боевых действиях на территории других государств;

      военнообязанным, призывавшимся на учебные сборы и направлявшимся в Афганистан в период ведения боевых действий;

      военнослужащим автомобильных батальонов, направлявшихся в Афганистан для доставки грузов в эту страну в период ведения боевых действий;

      военнослужащим летного состава, совершавшим вылеты на боевые задания в Афганистан с территории бывшего Союза ССР;

      рабочим и служащим, обслуживавшим советский воинский контингент в Афганистане, получившим ранения, контузии или увечья, либо награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за участие в обеспечении боевых действий – раз в год в размере 30 месячного расчетного показателя;

      лицам, приравненным по льготам и гарантиям к инвалидам Великой Отечественной войны, в том числе: военнослужащим, ставшим инвалидами вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при защите бывшего Союза ССР, при исполнении иных обязанностей воинской службы в другие периоды или вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте, а также при прохождении воинской службы в Афганистане или других государствах, в которых велись боевые действия, лицам начальствующего и рядового состава органов государственной безопасности бывшего Союза ССР и органов внутренних дел, ставшим инвалидами вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при исполнении служебных обязанностей, либо вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте или выполнением служебных обязанностей в государствах, где велись боевые действия – раз в год в размере 30 месячного расчетного показателя;

      4) ко Дню памяти погибших на Чернобыльской АЭС – 26 апреля:

      лицам, принимавшим участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской АЭС в 1986-1987 годах, других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, а также участвовавшим непосредственно в ядерных испытаниях и учениях – раз в год в размере 30 месячного расчетного показателя;

      5) к Международному дню действий против ядерных испытаний – 29 августа:

      лицам, ставших инвалидами вследствие других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, испытания ядерного оружия – раз в год в размере 30 месячного расчетного показателя.

      6. Иные категории получателей социальной помощи:

      1) Участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, не вступившим в повторный брак вдовам воинов, погибших (умерших, пропавших без вести) в Великой Отечественной войне, бывшим несовершеннолетним узникам концлагерей, гетто и других мест принудительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период второй мировой войны предоставляется в виде cоциальной поддержки – раз в год в размере 40 месячного расчетного показателя;

      2) гражданам награжденным орденами “Отан”, “Данқ”, удостоенным высшей степени отличия - звания “Халық қаһарманы”, почетных званий республики в виде социальной льготы - ежемесячно в размере 1,9 месячного расчетного показателя;

      3) родителям или иным законным представителям детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов для возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными по индивидуальному учебному плану - в размере 9 месячных расчетных показателей.

      При этом, возмещение затрат на обучение производятся ежеквартально в течение соответствующего учебного периода родителям или иным законным представителям детей с ограниченными возможностями уполномоченным органом.

      При наступлении обстоятельств, влекущих прекращение возмещения затрат (достижение ребенком-инвалидом восемнадцати лет, смерть ребенка-инвалида, снятие инвалидности, в период обучения ребенка-инвалида в доме интернате или санаторной школе, перемена места жительства ребенка-инвалида), выплата прекращается с месяца, следующего за тем, в котором наступили указанные обстоятельства.

      7. Перечень категорий получателей и предельные размеры социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации:

      1) на ликвидацию последствий при причинении ущерба гражданину (семье) либо его имуществу вследствие стихийных бедствий или пожара – единовременно на каждого члена семьи до 40 месячного расчетного показателя, но не более 150 месячного расчетного показателя на одну семью;

      2) лицам находящимся на поддерживающей стадии лечения туберкулеза, выписанным из специализированной противотуберкулезной медицинской организации, на дополнительное питание - не более 10 месячного расчетного показателя ежемесячно, без учета доходов;

      3) родителям или иным законным представителям детей, болеющим гемотологическими заболеваниями включая гемобластозы и апластическую анемию, состоящим на диспансерном учете - не более 7,6 месячного расчетного показателя ежемесячно;

      4) Социальная помощь лицам из семей, имеющих среднедушевой доход семьи (гражданина) ниже величины прожиточного минимума по Кызылординской области за квартал предшествующий кварталу обращения, на бытовые нужды, предоставляется один раз в год в размере - предельного размера, не превышающего 10 месячного расчетного показателя ;

      5) Социальная помощь для оплаты обучения назначается молодежи района из числа социально уязвимых слоев населения, обучающимся по востребованным в регионе специальностям, по очной форме после среднего образования для получения академической степени “Бакалавр”, по профессиональной учебной программе послевузовского образования, направленные на подготовку научных и педагогических кадров для получения академической степени “Магистр” и для подготовки медицинских кадров в резидентуре в организациях медицинского образования и науки Республики Казахстан.

      К обучающимся из числа социально-уязвимых слоев населения относятся:

      инвалиды с детства, инвалиды;

      дети-сироты, дети, оставшиеся без попечения родителей;

      дети потерявшие кормильца;

      воспитанники интернатных организаций;

      дети из многодетных семей;

      дети оба родителя, которых являются пенсионерами;

      дети, у которых один или оба из родителей являются инвалидами І и ІІ группы;

      дети из семей, в которых среднедушевой доход семьи (гражданина) ниже величины прожиточного минимума;

      дети из семей оралманов.

      Социальная помощь обучающимся предоставляется за счет средств местного бюджета один раз в год, для возмещения ежегодных платежей в пределах стоимости образовательных услуг, предоставляемых учебным заведениям и затрат на питание и проживание.

      8. Основаниями для отнесения граждан к категории нуждающихся при наступлении трудной жизненной ситуации являются:

      1) основания, предусмотренные законодательством Республики Казахстан;

      2) причинение ущерба гражданину (семье) либо его имуществу вследствие стихийного бедствия или пожара либо наличие социально значимого заболевания;

      3) наличие среднедушевого дохода, не превышающего порога установленного Шиелийским районным маслихатом в кратном отношении к прожиточному минимуму.

      9. Размер оказываемой социальной помощи в каждом отдельном случае определяет специальная комиссия и указывает его в заключение о необходимости оказания социальной помощи.

3. Порядок оказания социальной помощи

      10. Социальная помощь к памятным датам и праздничным дням оказывается по списку, утверждаемому МИО по представлению уполномоченной организации либо иных организаций без истребования заявлений от получателей.

      11. Для получения социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации заявитель от себя или от имени семьи в уполномоченный орган или акиму поселка, сельского округа представляет заявление с приложением следующих документов:

      1) документ, удостоверяющий личность;

      2) документ, подтверждающий регистрацию по постоянному месту жительства;

      3) сведения о составе лица (семьи) по форме согласно приложению 1 к Типовым правилам;

      4) сведения о доходах лица (членов семьи);

      5) акт и/или документ, подтверждающий наступление трудной жизненной ситуации.

      12. Документы представляются в подлинниках и копиях для сверки, после чего подлинники документов возвращаются заявителю.

      13. При поступлении заявления на оказание социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации уполномоченный орган или аким поселка, сельского округа в течение одного рабочего дня направляют документы заявителя в участковую комиссию для проведения обследования материального положения лица (семьи).

      14. Участковая комиссия в течение двух рабочих дней со дня получения документов проводит обследование заявителя, по результатам которого составляет акт о материальном положении лица (семьи), подготавливает заключение о нуждаемости лица (семьи) в социальной помощи по формам согласно приложениям 2, 3 к Типовым правилам и направляет их в уполномоченный орган или акиму поселка, сельского округа. Аким поселка, сельского округа в течение двух рабочих дней со дня получения акта и заключения участковой комиссии направляет их с приложенными документами в уполномоченный орган.

      15. В случае недостаточности документов для оказания социальной помощи, уполномоченный орган запрашивает в соответствующих органах сведения, необходимые для рассмотрения представленных для оказания социальной помощи документов.

      16. В случае невозможности представления заявителем необходимых документов в связи с их порчей, утерей, уполномоченный орган принимает решение об оказании социальной помощи на основании данных иных уполномоченных органов и организаций, имеющих соответствующие сведения.

      17. Уполномоченный орган в течение одного рабочего дня со дня поступления документов от участковой комиссии или акима поселка, сельского округа производит расчет среднедушевого дохода лица (семьи) в соответствии с законодательством Республики Казахстан и представляет полный пакет документов на рассмотрение специальной комиссии.

      18. Специальная комиссия в течение двух рабочих дней со дня поступления документов выносит заключение о необходимости оказания социальной помощи, при положительном заключении указывает размер социальной помощи.

      19. Уполномоченный орган в течение восьми рабочих дней со дня регистрации документов заявителя на оказание социальной помощи принимает решение об оказании либо отказе в оказании социальной помощи на основании принятых документов и заключения специальной комиссии о необходимости оказания социальной помощи.

      В случаях, указанных в пунктах 15 и 16 настоящих Правил, уполномоченный орган в течение двадцати рабочих дней со дня принятия документов от заявителя или акима поселка, сельского округа принимает решение об оказании либо отказе в оказании социальной помощи.

      20. Уполномоченный орган письменно уведомляет заявителя о принятом решении (в случае отказа - с указанием основания) в течение трех рабочих дней со дня принятия решения.

4. Основания для отказа в оказании социальной помощи, прекращения и возврата предоставляемой социальной помощи

      21. Отказ в оказании социальной помощи осуществляется в случаях:

      1) выявления недостоверных сведений, представленных заявителями;

      2) отказа, уклонения заявителя от проведения обследования материального положения лица (семьи);

      3) превышения размера среднедушевого дохода лица (семьи) установленного Шиелийским районным маслихатом порога для оказания социальной помощи.

      22. Социальная помощь прекращается в случаях:

      1) смерти получателя;

      2) выезда получателя на постоянное проживание за пределы соответствующей административно-территориальной единицы;

      3) направления получателя на проживание в государственные медико-социальные учреждения;

      4) выявления недостоверных сведений, представленных получателем.

      Выплата социальной помощи прекращается с месяца наступления указанных обстоятельств.

      23. Излишне выплаченные суммы подлежат возврату в добровольном или ином установленном законодательством Республики Казахстан порядке.

5. Финансирование и выплата социальной помощи

      24. Социальная помощь производится путем перечисления денежных сумм на лицевые счета получателей в банках второго уровня и в организациях осуществляющих отдельные виды банковской деятельности.

      25. Социальная помощь выплачивается с учетом изменения размера месячного расчетного показателя, утверждаемого в законе о республиканском бюджете на соответствующий финансовый год.

      26. Финансирование расходов на предоставление социальной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных бюджетом района на текущий финансовый год.

6. Заключительное положение

      27. Мониторинг и учет предоставления социальной помощи проводит уполномоченный орган с использованием базы данных автоматизированной информационной системы "Е-Собес.