"Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 27/5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 17/4 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 28 желтоқсанда № 6097 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 7 тамыздағы № 27/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 07.08.2018 № 27/5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi).

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті және өзін өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 27/5 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4663 нөмірімен тіркелген, аудандық "Өскен-өңір" газетінің 2014 жылғы 17 мамырдағы № 34 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген Қағида осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шиелі аудандық мәслихатының
сессия төрағасы
М. Дүйсенов
      Шиелі аудандық мәслихат хатшысы Б. Сыздық

  Шиелі аудандық мәслихатының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 17/4 шешіміне қосымша
  Шиелі аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 сәуірдегі№ 27/5 шешімімен бекітілген

Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы

      Осы тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне" сәйкес әзірленді.

1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) ұсынылады:

      1) жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;

      2) тұрғынжайдың меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және қалалық телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк ақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуына;

      3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.

      Белгіленген нормалар шегіндегі шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табыстың 15 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган ) жүзеге асырылады.

      3. Тұрғын үй көмегіне өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы "Халыққа қызмет көрсету орталығы" Департаментінің Шиелі аудандық бөлімі және "электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

      Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) өтінішпен жүгінеді және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінің 11015 нөмірімен тіркелген) 1-қосымшасымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9- тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      4. Уәкілетті органмен отбасының (азаматтың) жиынтық табысы қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанына есептеледі.

      Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады.

      Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу тәртібі Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Агенттігі төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 бұйрығымен бекітілген Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасына сәйкес есептеледі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7412 нөмірімен тіркелген).

2. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері

      5. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау төмендегі пайдалану нормасына сәйкес жүргізіледі:

      1) электр энергиясын пайдалану 1 айға:

      4 адамға дейінгі мүшесі бар отбасының әр мүшесіне – 70 киловатт;

      4 және одан да көп мүшесі бар отбасына – 230 киловатт;

      2) газбен жабдықтау 1 айға;

      4 адамға дейінгі мүшесі бар отбасына – 10 килограмм;

      4 және одан да көп мүшесі бар отбасына – 20 килограмм;

      3) отынды (көмірді) жылыту маусымында пайдалану – әр отбасына (азаматқа) айына 0,667 тонна;

      4) ыстық және салқын су – ай сайын 1 адамға тариф бойынша;

      5) тұрмыстық қалдықтарды шығару – ай сайын әр адамға тариф бойынша;

      6) кәріз қызметтері – ай сайын әр адамға тариф бойынша;

      7) жалға алынған тұрғын үй шығынына айына – әр отбасына 1,5 айлық есептік көрсеткіш.

3. Қаржыландыру және тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі

      6. Тұрғын үй көмегін төлеу уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін алушының өтініші бойынша тұрғын үй көмегін алушының, қызмет көрсетушілердің, кондоминиум объектілерін басқару органдарының есеп шоттарына екінші денгейдегі банктер, сонымен қатар банктік қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы және шоттарға ақшалай сомаларды аудару ай сайын жүргізіледі.

О внесении изменения в решение районного маслихата от 11 апреля 2014 года № 27/5 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи"

Решение Шиелийского районного маслихата Кызылординской области от 13 декабря 2017 года № 17/4. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 28 декабря 2017 года № 6097. Утратило силу решением Шиелийского районного маслихата Кызылординской области от 7 августа 2018 года № 27/5

      Сноска. Утратило силу решением Шиелийского районного маслихата Кызылординской области от 07.08.2018 № 27/5 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" и Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Шиелийский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение районного маслихата от 11 апреля 2014 года № 27/5 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 4663, опубликовано в районной газете "Өскен - өңір" от 17 мая 2014 года № 34) следующее изменение:

      Правила утвержденные указанным решением изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.

      Председатель сессии
Шиелийского районного маслихата
М.Дуйсенов
      Секретарь Шиелийского
районного маслихата
Б. Сыздық

  Приложение к решению Шиелийского районного маслихата от 13 декабря 2017 года № 17/4
  Утверждены решением Шиелийского районного маслихата от 11 апреля 2014 года № 27/5

Правила оказания жилищной помощии

      Настоящие Правила оказания жилищной помощи разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года № 94 "О жилищных отношениях", "Правилам предоставления жилищной помощи", утвержденным Постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314.

1. Правила оказания жилищной помощии

      1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно проживающим в данной местности, наоплату:

      1) расходов на содержание общего имущества объекта кондоминиума семьям (гражданам), проживающим в приватизированных жилищах или являющимся нанимателями (поднанимателями) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде;

      2) потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, семьям (гражданам), являющимся собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища;

      3) арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Доля предельно допустимых расходов в пределах установленных норм устанавливается в размерое 15 процентов от совокупного дохода семьи (гражданина).

      2. Назначение жилищной помощи осуществляется коммунальным государственным учреждением "Шиелийский районный отдел занятости, социальных программ и регистрации актов гражданского состояния" (далее-уполномоченный орган).

      3. Прием заявлений и выдача результатов оказания государственной услуги осуществляются через Шиелийский районный отдел Департамента "Центр обслуживания населения" филиала некоммерческого акционерного общества "Государственная корпорация "Правительство для граждан" по Кызылординской области и веб-портал "электронного правительства" www.egov.kz .

      Для назначения жилищной помощи семья (гражданин) обращается с заявлением и представляет документы, указанные в пункте 9 стандарта государственной услуги "Назначение жилищной помощи", утвержденный приложением 1 Приказа Министра Национальной экономики Республики Казахстан от 9 апреля 2015 года № 319 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 11015).

      4. Совокупный доход семьи (гражданина) исчисляется уполномоченным органом за квартал, предшествовавший кварталу обращения за назначением жилищной помощи, в порядке, определяемом действующим законодательством.

      Жилищная помощь назначается с начала месяца подачи заявления на текущий квартал.

      Порядок исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующий на получение жилищной помощи рассчитывается на основании Правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующий на получение жилищной помощи, а также на предоставление жилища из государственного жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, утвержденные Приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 5 декабря 2011 года № 471 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 7412).

2. Размер оказания жилищной помощи

      5. Назначение жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) производится в соответствии нижеследующими нормам потребления:

      1) потребление электроэнергии на 1 месяц:

      Семье из 4-х человек на каждого члена семьи – 70 киловатт;

      Семье из 4 –х и более членов – 230 киловатт;

      2) газоснабжение на 1 месяц:

      Семье до 4-х членов семьи – 10 килограмм;

      Семье из 4 и более членов – 20 килограмм;

      3) потребление топлива (угля) в отопительный сезон – на каждую семью 0,667 тонны в месяц ;

      4) горячая и холодная вода – ежемесячно на 1 человека по тарифу;

      5) вывоз бытовых отходов – ежемесячно на каждого человека по тарифу;

      6) услуги канализации – ежемесячно на каждого человека по тарифу;

      7) на расходы аренды жилья 1,5 месячных показателей на семью в месяц.

3. Финансирование и порядок выплаты жилищной помощи

      6. Выплата жилищной помощи осуществляется уполномоченным органом по заявлению получателя жилищной помощи через банки второго уровня, а также через организации осуществляющие отдельные виды банковской деятельности на лицевые счета получателя жилищной помощи, поставщиков услуг, органов управления объектов кондоминиума и перечисление денежных сумм на счета производится ежемесячно.