"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына және Қызылорда облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 26 сәуірдегі №1 қорытындысына сәйкес Майлытоғай ауылдық округінің әкімі ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шиелі ауданы, Майлытоғай ауылдық округі, Майлытоғай ауылындағы атауы жоқ көшеге "Ыбырайхан Маханов" есімі берілсін.
2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Майлытоғай ауылдық округінің әкімі | Қ. Асанов |