Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 290 "Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және өткізу бойынша қызметті жүзеге асыруына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысының (мемлекеттiк нормативтiк құқықтық актілерді тiркеу тiзiлiмiнде № 2851 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық–құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 4 қарашада жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. "Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Н.Қ. Қарасаев) осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.М. Әміржановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А.Айдарбаев |
КЕЛІСІЛДІ"
"Маңғыстау облысының индустриялық-
инновациялық даму басқармасы"
мемлекеттік мекемесі
басшысы
Н. Қарасаев
"13" 03 2017 жыл