РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
ҚазақстанРеспубликасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" заңдарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Облыс әкімдігінің 2005 жылғы 10 наурыздағы № 101 және облыстық мәслихаттың 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 10/157 "Маңғыстау облысының әкімшілік аумағындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерін бекіту туралы" қаулысы мен шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1898 болып тіркелген,2005 жылғы 21 сәуірдегі "Маңғыстау" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
мемлекеттік тілдегі бірінші абзац жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын:
"1. Маңғыстау облысының әкімшілік шекарасының аумағында азаматтардың жеке меншік құқығында болуы мүмкін жеручаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшері мынадай көлемдерде бекітілсін:".
2. "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (бас инспектор А. Ерболов) осы бірлескен қаулы мен шешімнің (бұдан әрі – қаулы және шешім) әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3.Осы қаулының және шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Ғ. Нұрғазиеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы және шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Е. Тоғжанов |
Сессия төрағасы | Қ. Әбдірахман |
Облыстық мәслихат хатшысы | Б. Жүсіпов |