Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 30.06.2020 № 51/413 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бейнеу аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 2/18 "Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3047 болып тіркелген, 2016 жылғы 1 маусымда "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
мемлекеттік тілдегі көрсетілген шешімнің 1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын:
"1. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізу орны болып Бейнеу ауылындағы Әли Балта Орталық стадион алаңы белгіленсін.".
2. "Бейнеу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Б.Түйешиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімінің орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Машырыковқа жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | С.Жұбанов |
Аудандық мәслихат | |
Хатшысы | А.Ұлұқбанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Бейнеу аудан әкімінің орынбасары
К.Машырықов
"15" мамыр 2017 жыл