Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 01.08.2018 № 18/192 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 76 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 және "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" қаулысына сәйкес және Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2017 жылғы 10 наурыздағы № 10-15-1532 ұсынысының негізінде, Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Маңғыстау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 24 шілдедегі № 5/44 "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-5-135 болып тіркелген, 2012 жылғы 22 тамыздағы № 39 "Жаңа өмір" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін
қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);";
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) мекенжай анықтамасы не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын ауыл әкімдерінің анықтамасы;".
2. "Маңғыстау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (Е.Қалиев) осы шешімнің Маңғыстау облысының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | С.Үркімбаев |
Аудандық мәслихат хатшысы | А.Сарбалаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Маңғыстау аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
басшысы Каимова Санимкуль Нахиповна
"3" 05 2017 жыл
"Маңғыстау аудандық экономика
және қаржы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Шабикова Рима Нерражимовна
"3" 05 2017 жыл