РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 8 және 11 баптарына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 510 бабына сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспесі жаңа редакцияда – Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 18.05.2018 № 20/173 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес Таушық ауылы бойынша жерді аймақтарға бөлу жобасы (схемасы), жер учаскелері үшін төлемақының және жер салығының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері бекітілсін.
2. "Түпқараған аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы А.Ізбен) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Д.Садықов |
Аудандық мәслихат хатшысы | А.Досанова |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кірістер
комитеті Маңғыстау облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Түпқараған ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасы"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Ж.Утепбергенова
17 наурыз 2017 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
Таушық ауылының әкімі
Ш.Азирбаев
17 наурыз 2017 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
"Түпқараған аудандық жер қатынастары,
сәулет және қала құрылысы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Ж.Кулдашов
17 наурыз 2017 жыл
Түпқараған аудандық мәслихатының | |
2017 жылғы 17 наурыздағы | |
№10/86 шешіміне | |
1 қосымша |
Таушық ауылы бойынша жерді аймақтарға бөлу жобасы (схемасы)
Масштаб 1:30000
Түпқараған аудандық | |
мәслихатының 2017 жылғы | |
17 наурыздағы №10/86 шешіміне | |
2 қосымша |
Таушық ауылы бойынша жер учаскелері үшін төлемақының және жер салығының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері
Аймақ | Аймаққа енетін аумақтар | Жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері |
Жер салығының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері |
I | Селитебтік және өндірістік аумақ | 2,0 | 1,5 |
II | Жобаланған құрылыс | 1,4 | 1,5 |
III | Резервтегі аумақ | 1,2 | 1,5 |
Аймақтардың сипаттамасы
I аймақ - селитебтік және өндірістік аумақ. Тұрғын үй құрылыстарының, негізгі әкімшілік ғимараттардың, жалпы білім беретін мектептің, балабақшалардың, дүкендердің жерлері кіреді. Тұрғын массивтер газбен, электрмен және телефон байланысымен қамтамасыз етілген.
II аймақ - жобаланған құрылыс.
III аймақ - резервтегі аумақ.