Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 28.03.2017 № 152 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 бұйрығымен бекітіліген, Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9987 болып тіркелген) сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2017 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Облыс әкімі | А. Мұхамбетов |
Әкімдіктің 2017 жылғы 20 қаңтардағы № 24 қаулысымен бекітілген |
2017 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды,
мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау
бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
№ | Субсидиялау бағытының атауы | Өлшем бірлігі | Субсидияланатын көлемі | Субсидиялар сомасы, теңге |
Мал шаруашылығы | ||||
1. | Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру | бас | 9301 | 43463573 |
Етті бағыттағы мал шаруашылығы | ||||
1. | Асыл тұқымдық және селекциялық жұмыс жүргізу | |||
1) | тұкымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара малдың аналық басы | бас | 68599 | 1234782000 |
2) | асыл тұқымды ірі қара малдың аналық басы | бас | 20146 | 402920000 |
3) | жалпы табындарда етті бағыттағы тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу | бас | 308 | 32032000 |
2. | Асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды сатып алу | |||
1) | отандық асыл тұқымды ірі қара мал | бас | 3682 | 567028000 |
2) | импортталған асыл тұқымды және селекциялық ірі қара мал | бас | 10 | 1180000 |
3. | Сиыр еті өндірісінің құнын арзандату: | |||
1) | 1 деңгей | килограмм | 427833 | 128349900 |
2) | 2 деңгей | килограмм | 353596 | 60111320 |
3) | 3 деңгей | килограмм | 814380 | 81438000 |
4. | Бұқашықтарды бірінші өндіріс деңгейіндегі бордақылау алаңдарына өткізу | бас | 2103 | 50472000 |
Барлығы | 2558313220 | |||
Сүтті бағыттағы мал шаруашылығы | ||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | |||
1) | асыл тұқымды ірі қара малдың аналық басы | бас | 15780 | 315600000 |
2) | жалпы табындарда сүтті және қос бағыттағы тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу | бас | 65 | 6760000 |
2. | Асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу: | |||
1) | отандық асыл тұқымды ірі қара мал | бас | 213 | 32802000 |
2) | импортталған асыл тұқымды ірі қара мал | бас | 104 | 12272000 |
3. | Сүт өндірісінің құнын арзандату: | |||
1) | 1 деңгей | килограмм | 18456200 | 461405000 |
2) | 2 деңгей | килограмм | 25492400 | 382386000 |
3) | 3 деңгей | килограмм | 4548120 | 45481200 |
Барлығы | 1256706200 | |||
Етті бағыттағы құс шаруашылығы | ||||
1. | Құс еті өндірісінің құның арзандату: | |||
1) | 3 деңгей | килограмм | 2755000 | 137750000 |
Жұмыртқа бағыттағы құс шаруашылығы | ||||
1. | Тағамдық жұмыртқа өндірісінің құнын арзандату: | |||
1) | 1 деңгей | дана | 265536257 | 796608771 |
2) | 2 деңгей | дана | 78905000 | 205153000 |
Барлығы | 1001761771 | |||
Қой шаруашылығы | ||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | |||
1) | тұкымдық түрлендірумен қамтылған қойлардың аналық басы | бас | 11373 | 17059500 |
2. | Асыл тұқымды еркек тоқтылар мен тұсақтарды сатып алу | бас | 191 | 1528000 |
3. | Қой еті (қозы еті) өндірісінің құнын арзандату: | |||
1) | 2 деңгей | килограмм | 3449 | 344900 |
Барлығы | 18932400 | |||
Жылқы шаруашылығы | ||||
1. | Асыл тұқымды жылқыларды сатып алу | бас | 30 | 1200000 |
2. | Жылқы еті өндірісінің құнын арзандату | килограмм | 38184 | 3512928 |
3. | Қымыз өндірісінің құнын арзандату | килограмм | 22383 | 1342980 |
Барлығы | 6055908 | |||
Шошқа шаруашылығы | ||||
2. | Шошқа еті өндірісінің құнын арзандату | килограмм | 874336 | 85684928 |
Жиыны | 5108668000 |