Әкімдіктің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 566 "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 52 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 17 ақпанда № 6832 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2020 жылғы 13 қаңтардағы № 10 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 13.01.2020 № 10 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 579 "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14368 болып тіркелген) сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 566 "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6185 болып тіркелген, 2016 жылғы 10 ақпанда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу", "Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету", "Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу", "Мүгедектерге кресло-арбалар беру", "Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету", "Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу", "Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттері:

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай
облысының әкімі
А. Мұхамбетов

О внесении дополнений в постановление акимата от 30 декабря 2015 года № 566 "Об утверждении регламентов государственных услуг"

Постановление акимата Костанайской области от 1 февраля 2017 года № 52. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 17 февраля 2017 года № 6832. Утратило силу постановлением акимата Костанайской области от 13 января 2020 года № 10

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Костанайской области от 13.01.2020 № 10 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 16 Закона Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года "О государственных услугах", приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 30 июня 2016 года № 579 "О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 14368) акимат Костанайской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Костанайской области от 30 декабря 2015 года № 566 "Об утверждении регламентов государственных услуг" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6185, опубликовано 10 февраля 2016 года в газете "Қостанай таңы") следующие дополнения:

      регламенты государственных услуг "Оформление документов на инвалидов для предоставления им протезно-ортопедической помощи", "Обеспечение инвалидов сурдо-тифлотехническими и обязательными гигиеническими средствами", "Оформление документов на инвалидов для предоставления им услуги индивидуального помощника для инвалидов первой группы, имеющих затруднение в передвижении, и специалиста жестового языка для инвалидов по слуху", "Предоставление инвалидам кресла-колясок", "Обеспечение инвалидов санаторно-курортным лечением", "Оформление документов на оказание специальных социальных услуг в медико-социальных учреждениях (организациях)", "Оформление документов на оказание специальных социальных услуг в условиях ухода на дому", утвержденные вышеуказанным постановлением:

      дополнить пунктом 4-1 следующего содержания:

      "4-1. В случаях представления услугополучателем неполного пакета документов и (или) документов с истекшим сроком действия, услугодатель отказывает в приеме заявления и выдает расписку об отказе в приеме документов.".

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Костанайской области.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким
Костанайской области
А. Мухамбетов