2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 5-тармағына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мыналар:
1) осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес 2017 жылға арналған Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш шырындарын дайындау үшін төлемақы мөлшерлемелері;
2) осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес 2017 жылға арналған Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде жанама орман пайдалану үшін төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін.
2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Сессия төрағасы | Е. Коппаев |
Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы |
С. Ещанов |
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
Орман шаруашылығы және
жануарлар дүниесі комитетінің
Қостанай облыстық орман
шаруашылығы және жануарлар
дүниесі аумақтық инспекциясы"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
________________ Д. Джұмабаев
КЕЛІСІЛДІ
"Қостанай облысы әкімдігінің қаржы
басқармасы" мемлекеттік мекемесінің
басшысы
________________ С. Аймұхамбетова
КЕЛІСІЛДІ
"Қостанай облысы әкімдігінің
табиғи ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
__________________ Ә. Мауқұлов
КЕЛІСІЛДІ
"Қостанай облысы әкімдігінің
экономика және бюджеттік
жоспарлау басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_____________________ Е. Спанов
Мәслихаттың 2017 жылғы 21 сәуірдегі № 145 шешіміне 1-қосымша |
2017 жылға арналған Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш шырындарын дайындау үшін төлемақы мөлшерлемелері
Орман пайдалану түрлері | Ормандарды молықтыруға арналған шығындар әдістері | |
Өлшем бірлігі | Төлемақы мөлшерлемесі (теңге) | |
Ағаш шырындарын дайындау (қайың шырыны) | гектар | 1027,8 |
Мәслихаттың 2017 жылғы 21 сәуірдегі № 145 шешіміне 2-қосымша |
2017 жылға арналған Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде жанама орман пайдалану үшін төлемақы мөлшерлемелері
Орман пайдалану түрлері | Ормандарды молықтыруға арналған шығындар әдістері | |
Өлшем бірлігі | Төлемақы мөлшерлемесі (теңге) | |
1. Ұзақ мерзімді орман пайдалану | ||
Шөп шабу, оның ішінде шабындық жерлердің сапалы жай-күйінің топтары бойынша: | ||
жақсы | гектар | 1097,3 |
қанағаттанарлық | гектар | 823 |
қанағаттанғысыз | гектар | 640 |
Мал жаю | жайылымдық жерлердің 1 гектары үшін | 640 |
2. Қысқа мерзімді орман пайдалану | ||
Шөп шабу, оның ішінде шабындық жерлердің сапалы жай-күйінің топтары бойынша: | ||
жақсы | гектар | 1097,3 |
қанағаттанарлық | гектар | 823 |
қанағаттанғысыз | гектар | 640 |
Мал жаю | жайылымдық жерлердің 1 гектары үшін | 640 |
Ара ұялары мен омарталарын орналастыру | 1 ара ұясы үшін | 914,4 |