"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облыстық мәслихатының келесi шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын:
1) 2014 жылғы 14 наурыздағы № 264 "Қостанай облыстық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмiрi 4599 болып тіркелген, 2014 жылғы 13 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) 2014 жылғы 4 шiлдедегi № 299 "Мәслихаттың 2014 жылғы 14 наурыздағы № 264 "Қостанай облыстық мәслихатының Регламентiн бекiту туралы" шешiмiне өзгерiстер енгiзу туралы" (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде нөмiрi 4971 болып тiркелген, 2014 жылғы 19 тамызда "Костанайские новости" газетiнде жарияланған).
2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Н. Утеулин |
Қостанай облыстық | |
мәслихатының хатшысы | С. Ещанов |