"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2018 жылға арналған ұйымдар бөлінісінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Арқалық қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратады.
Қала әкімі | А. Балғарин |
Әкімдіктің 2017 жылғы 25 қазандағы № 387 қаулысына қосымша |
2018 жылға арналған ұйымдар бөлінісінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота мөлшері
№ р/с | Ұйымның атауы | Кәсіпорындағы жұмыскерлердің тізімдік саны, адам | Квота мөлшері жұмыскерлердің тізімдік санынан пайыздық көрсетілімде | Жұмыс орындарының саны |
1. | "АБС ЖАРКОЛЬ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 174 | 0,6 | 1 |
2. | "Алиби-Сенім" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 255 | 0,4 | 1 |
3. | "Тазарту-Арқалық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 64 | 1,6 | 1 |
4. | "Іскер-Арқалық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 72 | 1,4 | 1 |