"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2018 жылға арналған ұйымдар бөлінісінде ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Арқалық қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратады.
Қала әкімі | А. Балғарин |
Әкімдіктің 2017 жылғы 7 қарашадағы № 412 қаулысына қосымша |
2018 жылға арналған ұйымдар бөлінісінде ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар атарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота мөлшері
№ р/с | Ұйымның атауы | Ұйымдағы жұмыскерлердің тізімдік саны, адам | Квота мөлшері жұмыскерлердің тізімдік санынан пайыздық көрсетілімде | Жұмыс орындарының саны |
1. | "Арқалық ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 176 | 0,6% | 1 |