1. Қостанай облысы Денисов ауданы Қырым ауылдық округінің Озерное ауылына жақын орналасқан "Крымское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мал шаруашылығының кешені аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары 2016 жылдың 29 қарашасынан бастап тоқтатылсын.
2. Қырым ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 26 ақпандагы № 1 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 6250 болып тіркелген, "Наше время" газетінде 2016 жылғы 14 сәуірде жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 28 қарашасынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Ғ. Шахайдари |