"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37 - баптарына сәйкес Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әкімдіктің 2014 жылғы 3 ақпандағы № 57 "Жангелдин ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4472 болып тіркелген, 2014 жылғы 26 наурызда "Біздің Торғай" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
әкімдік қаулысының орыс тіліндегі қосымшасында реттік нөмірі 2-жол жаңа редакцияда жазылсын, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жангелдин ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
Аудан әкімі | Ш. Оспанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Жангелдин аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
______________С. Бидашев
2017 жылғы 14 қыркүйек