"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Қостанай ауданының Затобол кенті халқының пiкiрiн ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы қорытындысы негізінде Затобол кенті әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай ауданы Затобол кентінің Калинин көшесі Тәуелсіздік көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Затобол кенті әкімінің міндетін атқарушы |
З. Курсумбаева |