"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес, Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2018 жылға арналған ұйымдар бөлінісінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшiн жұмыс орындарына квота мөлшері қосымшаға сәйкес белгiленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау әлеуметтік мәселелер жөніндегі Федоров ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2018 жылдың 1 қантарынан бастап туындаған қатынастарға таратады.
Аудан әкімі | Т. Исабаев |
Әкiмдіктің 2017 жылғы 10 қазандағы № 367 қаулысына қосымша |
2018 жылға арналған ұйымдар бөлінісінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота мөлшері
№ р/с | Ұйымның атауы | Кәсіпорындағы жұмыскерлердің тізімдік саны, адам | Квота мөлшері жұмыскерлердің тізімдік санынан пайыздық көрсетілімде | Жұмыс орындарының саны |
1 | Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің "Теплоцентр" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын | 52 | 1,9 % | 1 |
2 | "Сельхозтехника" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 75 | 1,3 % | 1 |
3 | "Трояна" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 83 | 1,2 % | 1 |