Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Ақсу қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақсу қаласының келесі көшелеріне:
Ақсу қаласының 2-шағын ауданындағы 1-көшеге - Қаныш Сәтбаевтың есімі;
Ақсу қаласының 2-шағын ауданындағы 2-көшеге - Кәукен Кенжетаевтың есімі;
Ақсу қаласының 2-шағын ауданындағы 3-көшеге - Тәуелсіздік атауы;
Ақсу қаласының 14-шағын ауданындағы 4-көшеге - Малайсары батырдың есімі;
Ақсу қаласының 14-шағын ауданындағы 5-көшеге - Әлихан Бөкейхановтың есімі;
Ақсу қаласының 14-шағын ауданындағы 6-көшеге - Ермұхан Бекмахановтың есімі;
Ақсу қаласының 15-шағын ауданындағы 7-көшеге - Қажымұқан Мұңайтпасовтың есімі;
Ақсу қаласының 15-шағын ауданындағы 8-көшеге - Ыбырай Алтынсариннің есімі;
Ақсу қаласының 15-шағын ауданындағы 9-көшеге - Ахмет Байтұрсыновтың есімі берілсін.
2. Осы қаулының және шешімнің орындалуын бақылау азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облысының әкімі | Б. Бақауов |
Сессия төрағасы, | |
облыстық мәслихаттың хатшысы | В. Берковский |