Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімдігінің 25.12.2020 № 285/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы "Астық және тұқым инспекциясы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 368/13 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4917 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 ақпанда "Регион.kz" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 2) "Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру";
көрсетілген қаулымен бекітілген "Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру";
1-тармақ және 3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) жергілікті атқарушы орган "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) тұлғасында көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асыралады.";
"3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия (бұдан әрі - лицензия) беру, лицензияны қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқасын беру немесе Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 4-1/468 бұйрығымен бекітілген "Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.";
6-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
4) "комиссия көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестік деңгейін жергілікті жерге барып тексереді, көрсетілетін қызметті берушіге астық колхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтерді көрсетуді жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы астық қабылдау кәсіпорнын тексеру актісін (бұдан әрі - тексеру актісі) жасайды және жібереді - 7 (жеті) жұмыс күні;";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
7. "Мемлекеттік қызметті көрсету іс-қимылы рәсімдерінің нәтижесі - астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензияны беру, лицензияны қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқасын беру немесе стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.";
көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 1-қосымшасында оң жақ жоғары бұрыштағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын: "Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша";
көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 2-қосымшасында оң жақ жоғары бұрыштағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын: "Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша";
көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 3-қосымшасында:
оң жақ жоғары бұрыштағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын: "Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымша";
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы".
2. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін:
осы қаулының ресми жариялануын;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Қ. Қасеновке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Б. Бақауов |