Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабы 8-тармағына Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы "Павлодар облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 16/1 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4305 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 ақпанда "Звезда Прииртышья", "Сарыарқа самалы" газеттерінде жарияланған);
2) Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 ақпандағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы "Павлодар облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 28/1 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 58/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5013 болып тіркелген, 2016 жылғы 9 сәуірде "Звезда Прииртышья", "Сарыарқа самалы" газеттерінде жарияланған).
2. "Павлодар облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулының ресми жариялануын;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Қ. Қасеновқе жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Б. Бақауов |