Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Баянауыл, Качир, Шарбақты аудандарының және Екібастұз қаласының өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мыналар таратылсын және есептік деректерден шығарылсын:
1) Баянауыл ауданы бойынша:
елді мекен мәртебесінен айырылуына байланысты есептік деректерден шығару және оның аумағын Баянауыл ауданы Күркелі ауылдық округі Қойтас ауылының құрамына енгізу арқылы Баянауыл ауданының Желтау ауылы;
2) Качир ауданы бойынша:
елді мекен мәртебесінен айырылуына байланысты кейіннен есептік деректерден шығару және оның аумағын Качир ауданы Жаңабет ауылының құрамына енгізу арқылы Бобров ауылдық округінің Боборо ауылы;
елді мекен мәртебесінен айырылуына байланысты кейіннен есептік деректерден шығару және оның аумағын Качир ауданы Львовка ауылының құрамына енгізу арқылы Верный ауылдық округінің Тимофеевка ауылы;
елді мекен мәртебесінен айырылуына байланысты кейіннен есептік деректерден шығару және оның аумағын Качир ауданы Березовка ауылының құрамына енгізу арқылы Воскресен ауылдық округінің Малые Березняки ауылы;
елді мекен мәртебесінен айырылуына байланысты кейіннен есептік деректерден шығару және оның аумағын Качир ауданы Октябрьское ауылының құрамына енгізу арқылы Октябрь ауылдық округінің Благовещенка ауылы;
елді мекен мәртебесінен айырылуына байланысты кейіннен есептік деректерден шығару және оның аумағын Качир ауданы Октябрьское ауылының құрамына енгізу арқылы Октябрь ауылдық округінің Мотогул ауылы;
3) Шарбақты ауданы бойынша:
елді мекен мәртебесінен айырылуына байланысты есептік деректерден шығару және олардың аумағын Алексеевка ауылдық округі Алексеевка ауылының құрамына енгізу арқылы Шарбақты ауданы Алексеевка ауылдық округінің Бөріктал және Каховка ауылдары;
елді мекен мәртебесінен айырылуына байланысты есептік деректерден шығару және оның аумағын Сосновка ауылдық округі Сосновка ауылының құрамына енгізу арқылы Шарбақты ауданы Сосновка ауылдық округінің Софиевка ауылы;
елді мекен мәртебесінен айырылуына байланысты есептік деректерден шығару және оның аумағын Жылы-Бұлақ ауылдық округі Жылы-Бұлақ ауылының құрамына енгізу арқылы Шарбақты ауданы Жылы-Бұлақ ауылдық округінің Қос-Құдық ауылы;
елді мекен мәртебесінен айырылуына байланысты есептік деректерден шығару және олардың аумағын Галкин ауылдық округі Галкин ауылының құрамына енгізу арқылы Шарбақты ауданы Галкин ауылдық округінің Марьяновка және Кұлат ауылдары;
елді мекен мәртебесінен айырылуына байланысты есептік деректерден шығару және олардың аумағын Шалдай ауылдық округі Шалдай ауылының құрамына енгізу арқылы Шарбақты ауданы Шалдай ауылдық округінің Бозалан және Сүгір ауылдары;
4) Екібастұз қаласы бойынша:
елді мекен мәртебесінен айырылуына байланысты есептік деректерден шығару және оның аумағын Екібастұз қаласы Төрт-Құдық ауылдық округінің Төрт-Құдық ауылының құрамына енгізу арқылы Екібастұз қаласы Төрт-Құдық ауылдық округінің 112 Разъезд ауылы.
2. Осы қаулының және шешімнің орындалуын бақылау азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облысының әкімі | Б. Бақауов |
Сессия төрағасы | О. Крук |
Облыстық мәслихаттың хатшысы | В. Берковский |