Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңының 8-бабы 1-тармағы 20-5) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2018 - 2019 жылдарға арналған Павлодар облысының спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі бекітілсін.
2. "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.М. Бегентаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Б. Бақауов |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Қазақстан Республикасының | |
Мәдениет және спорт министрі | А. Мұхамедиұлы |
2017 жылғы "05" желтоқсан |
Павлодар облысы әкімдігінің 2017 жылғы "7" желтоқсандағы № 395/6 қаулысымен бекітілді |
2018 - 2019 жылдарға арналған Павлодар облысының
спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі
Топтар атауы | Олимпиадалық емес спорт түрлерінің атауы | Жазғы олимпиадалық спорт түрлерінің атауы | Қысқы олимпиадалық спорт түрлерінің атауы | Паралимпиадалық спорт түрлерінің атауы | Ұлттық спорт түрлерінің атауы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
"А" тобы |
Джиу-джитсу |
Баскетбол |
Биатлон |
Жеңіл атлетика Шаңғы жарысы |
Көкпар |
"В" тобы |
Армрестлинг |
Гандбол |
Коньки спорты |
Аударыспақ | |
"С" тобы |
Автоспорт |
Академиялық есу |
Тау шаңғы спорты |
Асық ату |