Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актiлер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақсу қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 31 шілдедегі "Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 617/8 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4650 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 тамызда "Ақсу жолы" және "Новый путь" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақсу қаласы әкімінің орынбасары Қ.З. Арыновқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қала әкімі | Н. Дүйсенбинов |