Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актiлер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақсу қаласы әкімдігінің келесі қаулыларының:
1) Ақсу қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 13 ақпандағы "Ақсу қаласында 2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" № 69/1 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5389 болып тіркелген, 2017 жылғы 3 наурызда "Ақсу жолы" және "Новый путь" газеттерінде жарияланған);
2) Ақсу қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 15 мамырдағы "Ақсу қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 13 ақпандағы "Ақсу қаласында 2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" № 69/1 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 294/8 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5522 болып тіркелген, 2017 жылғы 9 маусымда "Ақсу жолы" және "Новый путь" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақсу қаласы әкімінің орынбасары Т.В. Ильинаға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Ақсу қаласының әкімі | Н. Дюсимбинов |