Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақсу қалалық мәслихатының 2015 жылғы 17 қыркүйектегі "Ақсу қалалық мәслихатының регламентін бекіту туралы" № 387/49 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4746 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 қазанда "Ақсу жолы" және "Новый путь" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихат аппаратының басшысы Н. Қабиденоваға жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы,қалалық | |
мәслихаттың хатшысы | М. Омарғалиев |