Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округінің Мәмәйіт Омаров атындағы ауылы және Путь Ильича ауылындағы тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, 2016 жылғы 21 қарашадағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округінің Путь Ильича ауылындағы келесі көшелері:
"Ленин" көшесі "Әлихан Бөкейханов" көшесі болып;
"Садовая" көшесі "Ілияс Жансүгіров" көшесі болып;
"Пролетарская" көшесі "Еңбек" көшесі болып қайта аталсын.
2. Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округінің Мәмәйіт Омаров атындағы ауылындағы "Ақтоғай" көшесі "Рашат Бекжанов" көшесі болып қайта аталсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Селолық округінің әкімі | Ж. Қайырханов |