Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 18 сәуірдегі "Екібастұз қаласында 2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" № 474/4 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5517 болып тіркелген, 2017 жылғы 01 маусымда "Отарқа" және "Голос Экибастуза" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Екібастұз қаласының әкімі | К. Нукенов |