Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 140-бабы 2-тармағына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Екібастұз қаласы коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі белгіленсін.
2. Коммуналдық мемлекеттік кәсiпорындардың мемлекеттiк басқару органдары ведомствоға қарасты коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың жергілікті бюджетке таза кірісінің бір бөлігін аударудың белгіленген нормативін толық және уақытылы аударуына тұрақты бақылау белгілесін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Ж.К. Шакатовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Екібастұз қаласының әкімі | К. Нукенов |
Екібастұз қаласы әкімдігінің 2017 жылғы "23" қазандағы № 1260/10 қаулысына қосымша |
Екібастұз қаласының коммуналдық мемлекеттiк
кәсiпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі
Таза кіріс 3 000 000 теңгеге дейін | таза кіріс сомасынан 5 пайыз |
Таза кіріс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін |
150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 10 пайыз |
Таза кіріс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін |
4 850 000 теңге + 50 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 15 пайыз |
Таза кіріс 250 000 001 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін |
34 850 000 теңге + 250 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 25 пайыз |
Таза кіріс 500 000 001 теңгеден 1 000 000 000 теңгеге дейін |
97 350 000 теңге + 500 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 30 пайыз |
Таза кіріс 1 000 000 001 теңге және одан жоғары | 247 350 000 теңге + 1 000 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 50 пайыз |