Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Озерный селолық округі Озерный селосы тұрғындарының пікірлерін ескере отырып және 2016 жылғы 21 қарашадағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Озерный селолық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Железин ауданы Озерный селолық округі Озерный селосының келесі көшелері:
"Киров" көшесі "Дінмұхамед Қонаев" көшесі болып;
"Карл Маркс" көшесі "Тәуелсіздік" көшесі болып кайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Озерный селолық | |
округі әкімінің міндетін атқарушы | М.Кусайдарова |