Ертіс ауданында 2018 жылға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы

Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 98-20-6 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 12 қаңтарда № 5822 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы "Жайылымдар туралы" Заңының 8-бабы 1) тармақшасына сәйкес, Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Ертіс ауданында 2018 жылға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ертіс аудандық мәслихатының бюджет, әлеуметтік саясат және заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      аудандық мәслихат хатшысы Б. Шингисов

  Ертіс аудандық мәслихатының
2017 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 98-20-6 шешімімен
бекітілген

Ертіс ауданында 2018 жылға арналған жайылымдарды
басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар

1. Жалпы мәліметтер

      1. Осы Ертіс ауданында 2018 жылға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар (бұдан әрі - Жоспар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы "Жайылымдар туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі "Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" № 173 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі "Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы" № 3-3/332 бұйрығына сәйкес әзірленді.

      2. Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, жемшөпке қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болғызбау мақсатында қабылданады.

      3. Жоспар:

      1) осы жоспардың 1-қосымшасына сәйкес құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Ертіс ауданы аумағында жайылымдардың орналасу схемасын (картасын);

      2) осы жоспардың 2-қосымшасына сәйкес жайылым айналымдарының қолайлы схемаларын;

      3) осы жоспардың 3-қосымшасына сәйкес жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасын;

      4) осы жоспардың 4-қосымшасына сәйкес жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасын;

      5) осы жоспардың 5-қосымшасына сәйкес жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасын;

      6) осы жоспардың 6-қосымшасына сәйкес ауыл, ауылдық округ маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасын;

      7) осы жоспардың 7-қосымшасына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигін қамтиды.

      4. Жоспар жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қараудың жай-күйі туралы мәліметтер, ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметтер, иелерін-жайылым пайдаланушыларды, жеке және (немесе) заңды тұлғаларды көрсете отырып, ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер, ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер, шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын қалыптастыру туралы мәліметтер, екпе және аридтік жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктері, малды айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметтер, мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар берген өзге де деректер ескеріле отырып қабылданды.

2. Жер қорының жағдайы

      5. Ертіс ауданы Павлодар облысының солтүстік бөлігінде орналасқан, солтүстік - батысында Ресей Федерациясымен, солтүстік - шығысында Железин, оңтүстік - батысында Ақтоғай аудандарымен шектеседі. Аудан орталығы – Ертіс ауылы. Аумақтық-әкімшілік бөлінісі 9 ауылдан және 7 ауылдық округтерден тұрады.

      Климат тым континенттік, қыс айтарлықтай суық, жаз ыстық. Қаңтарда ауаның жарты жылдық температурасы Цельсий бойынша -25 – -40 градус, шілдеде Цельсий бойынша +25 – +30 градус. Жауын-шашынның жарты жылдық көлемі – 100 - 150 миллиметр.

      6. Ертіс ауданы жерлерінің жалпы алаңы 1 013 972,9 гектар (бұдан әрі – га), соның ішінде жайылымдар – 474 032,1 га, суландырылған жайылымдар - 247 775,9 га.

      Жерлер категория бойынша келесідей бөлінеді:

      ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 511 147,09 га;

      елдi мекен жерлерi – 178 935,38 га;

      өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер – 2 115,63 га;

      орман қорының жерлерi - 4 859 га;

      су қорының жерлерi - 20 257,3 га;

      босалқы жерлері - 296 658,5 га.

3. Жайылым сипаттамасы

      7. Жайылымдар табиғи-климаттық ерекшелігіне байланысты табиғи жайылымдар болып табылады. Екпе және аридтік жайылымдар жоқ.

      Ертіс ауданының аумағында терең қайнаған, қарашірігі аз, қуаттығы аз, аз құмды топырақ, шоғарланған жер пайдалану негізінде оңтүстік бөлігінде, қара қоңыр сортаң қарашірігі аз, қуаттығы аз, аз құмды топырақ және қара қоңыр жай қарашірігі аз, қуаттығы аз, аз құмды топырақ біртекті емес алқаптары барлық жер пайдалану бөлініп орналастырған.

      Жайылымдық алқаптардың орташа өнімділігі 3,5 центнер/га.

      Жайылымдардағы жемдердің қоры ұзақтығы 180-200 күн жайылым кезеңінде пайдаланылады.

4. Жайылымдарды пайдалану

      8. Негізгі жайылым пайдаланушылары ауыл шаруашылығы құрылымдары болып табылады. Тұрғындарының мал басы елді мекендерге тиесілі жерлерде бағылады.

      9. Ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны: жеке тұлғаларда – 14 843 бас ірі қара мал, 24 118 бас ұсақ мал, 11 958 бас жылқы; заңды тұлғаларда – 4 878 бас ірі қара мал, 1 176 бас ұсақ мал, 937 бас жылқы. Жалпы Ертіс ауданы бойынша 19 721 бас ірі қара мал, 25 294 бас ұсақ мал, 12 895 бас жылқы бар.

      10. Ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері бойынша қалыптастырылған үйірлер, отарлар, табындар келесідей бөлінген:

      ірі қара мал 49 үйір;

      ұсақ мал 37 отар;

      жылқылар 31 табын.

5. Ветеринариялық-санитарлық объектілер

      11. Ертіс ауданы аумағында ветеринариялық-санитарлық 42 объектілері қызмет істейді, соның ішінде 26 мал көмінділері, 16 мал дәрігерлік пункттер.

6. Малды айдап өтуге арналған сервитуттар

      12. Ертіс ауданында малды айдап өтуге арналған сервитуттар белгіленбеген.

  Ертіс ауданында 2018 жылға
арналған жайылымдарды
басқару және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарға
1-қосымша

Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер
учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде
Ертіс ауданының аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (картасы)


Шартты белгілері:


  Ертіс ауданында 2018 жылға
арналған жайылымдарды
басқару және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарға
2-қосымша

Жайылымдардың қолайлы схемалары


Шартты белгілері:


  Ертіс ауданында 2018 жылға
арналған жайылымдарды
басқару және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарға
3-қосымша

Жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың
сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық
инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы


Шартты белгілері:


  Ертіс ауданында 2018 жылға
арналған жайылымдарды
басқару және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарға
4-қосымша

Жайылымдардағы су көздеріне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға,
апандарға, суару немесе суландыру каналдарына,
құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасы


Шартты белгілері:


  Ертіс ауданында 2018 жылға
арналған жайылымдарды
басқару және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарға
5-қосымша

Жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың
ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру
үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны
берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы


Шартты белгілері:


  Ертіс ауданында 2018 жылға
арналған жайылымдарды
басқару және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарға
6-қосымша

Ауыл, ауылдық округтің маңында орналасқан
жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе)
заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының
мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы


Шартты белгілері:


  Ертіс ауданында 2018 жылға
арналған жайылымдарды
басқару және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарға
7-қосымша

Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың
және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін
жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі

№ р/с

Атауы

Шалғай жайылымға малдың айдап шығарылу мерзімі

Шалғай жайылымнан малдың қайтарылу мерзімі

1

2

3

4

1

Ағашорын ауылы

мамыр, 1 жартысы

қазан, 2 онкүндігі

2

Амангелді ауылы

мамыр, 1 жартысы

қазан, 2 онкүндігі

3

Байзақов ауылдық округі

мамыр, 1 жартысы

қазан, 1 онкүндігі

4

Голубовка ауылы

мамыр, 1 жартысы

қазан, 2 онкүндігі

5

Ертіс ауылы

мамыр, 1 жартысы

қазан, 2 онкүндігі

6

Қарақұдық ауылдық округі

мамыр, 1 жартысы

қазан, 2 онкүндігі

7

Қосағаш ауылы

мамыр, 1 жартысы

қазан, 1 онкүндігі

8

Қоскөл ауылдық округі

мамыр, 1 жартысы

қазан, 2 онкүндігі

9

Қызылжар ауылдық округі

мамыр, 1 жартысы

қазан, 2 онкүндігі

10

Ленин ауылы

мамыр, 1 жартысы

қазан, 2 онкүндігі

11

Луговой ауылы

мамыр, 1 жартысы

қазан, 2 онкүндігі

12

Майқоңыр ауылы

мамыр, 1 жартысы

қазан, 1 онкүндігі

13

Панфилов ауылдық округі

мамыр, 1 жартысы

қазан, 2 онкүндігі

14

Северный ауылдық округі

мамыр, 1 жартысы

қазан, 2 онкүндігі

15

Сілеті ауылдық округі

мамыр, 1 жартысы

қазан, 2 онкүндігі

16

Ұзынсу ауылы

мамыр, 1 жартысы

қазан, 2 онкүндігі


Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию в Иртышском районе на 2018 год

Решение маслихата Иртышского района Павлодарской области от 22 декабря 2017 года № 98-20-6. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 12 января 2018 года № 5822

      В соответствии с подпунктом 1) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 1) статьи 8 Закона Республики Казахстан от 20 февраля 2017 года "О пастбищах", Иртышский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемый План по управлению пастбищами и их использованию в Иртышском районе на 2018 год.

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Иртышского районного маслихата по бюджету, социальной политике и законности.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии,
      секретарь районного маслихата Б. Шингисов

  Утвержден
решением Иртышского
районного маслихата от 22
декабря 2017 года № 98-20-6

План по управлению пастбищами и их
использованию в Иртышском районе на 2018 год

1. Общие сведения

      1. Настоящий План по управлению пастбищами и их использованию в Иртышском районе на 2018 год (далее - План) разработан в соответствии с Земельным кодексом Республики Казахстан от 20 июня 2003 года, Законами Республики Казахстан от 20 февраля 2017 года "О пастбищах", от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказом Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 24 апреля 2017 года № 173 "Об утверждении Правил рационального использования пастбищ" и приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 14 апреля 2015 года № 3-3/332 "Об утверждении предельно допустимой нормы нагрузки на общую площадь пастбищ".

      2. План принимается в целях рационального использования пастбищ, устойчивого обеспечения потребности в кормах и предотвращения процессов деградации пастбищ.

      3. План содержит:

      1) схему (карту) расположения пастбищ на территории Иртышского района в разрезе категорий земель, собственников земельных участков и землепользователей на основании правоустанавливающих документов, согласно приложению 1 к настоящему Плану;

      2) приемлемые схемы пастбищеоборотов, согласно приложению 2 к настоящему Плану;

      3) карту с обозначением внешних и внутренних границ и площадей пастбищ, в том числе сезонных, объектов пастбищной инфраструктуры, согласно приложению 3 к настоящему Плану;

      4) схему доступа пастбищепользователей к водоисточникам (озерам, рекам, прудам, копаням, оросительным или обводнительным каналам, трубчатым или шахтным колодцам), составленную согласно норме потребления воды, согласно приложению 4 к настоящему Плану;

      5) схему перераспределения пастбищ для размещения поголовья сельскохозяйственных животных физических и (или) юридических лиц, у которых отсутствуют пастбища, и перемещения его на предоставляемые пастбища, согласно приложению 5 к настоящему Плану;

      6) схему размещения поголовья сельскохозяйственных животных на отгонных пастбищах физических и (или) юридических лиц, не обеспеченных пастбищами, расположенными при селе, сельском округе, согласно приложению 6 к настоящему Плану;

      7) календарный график по использованию пастбищ, устанавливающий сезонные маршруты выпаса и передвижения сельскохозяйственных животных, согласно приложению 7 к настоящему Плану.

      4. План принят с учетом сведений о состоянии геоботанического обследования пастбищ, сведений о ветеринарно-санитарных объектах, данных о численности поголовья сельскохозяйственных животных с указанием их владельцев - пастбищепользователей, физических и (или) юридических лиц, данных о количестве гуртов, отар, табунов, сформированных по видам и половозрастным группам сельскохозяйственных животных, сведений о формировании поголовья сельскохозяйственных животных для выпаса на отгонных пастбищах, особенностей выпаса сельскохозяйственных животных на культурных и аридных пастбищах, сведений о сервитутах для прогона скота и иных данных, предоставленных государственными органами, физическими и (или) юридическими лицами.

2. Состояние земельного фонда

      5. Иртышский район расположен в северной части Павлодарской области и граничит: на северо-западе с Российской Федерацией, на северо-востоке с Железинским, на юго-западе с Актогайским районами. Районный центр - село Иртышск. Административно-территориальное деление состоит из 9 сел и 7 сельских округов.

      Климат резкоконтинентальный, зима сравнительно холодная, лето жаркое. В январе среднегодовая температура воздуха -25 - -40 градусов по Цельсию, в июле +25 - +30 градусов по Цельсию. Среднегодовой размер осадков - 100 - 150 миллиметров.

      6. Общая площадь земель Иртышского района 1 013 972, 9 гектаров (далее - га), из них пастбищные земли - 474 032,1 га, обводненные пастбища - 247 775,9 га.

      По категориям земли подразделяются на:

      земли сельскохозяйственного назначения - 511 147,09 га;

      земли населенных пунктов - 178 935,38 га;

      земли промышленности, транспорта, связи, для нужд космической деятельности, обороны, национальной безопасности и иного несельскохозяйственного назначения - 2 115,63 га;

      земли лесного фонда - 4 859 га;

      земли водного фонда - 20 257,3 га;

      земли запаса - 296 658,5 га.

3. Описание пастбищ

      7. Пастбища, в связи с природно-климатической особенностью, относятся к природным. Культурных и аридных пастбищ нет.

      На территории Иртышского района наиболее распространены темно-каштановые глубоко вскипающие малогумусные маломощные супесчаные почвы, сосредоточенные в основном в южной части землепользования, темно-каштановые остаточно солонцеватые малогумусные маломощные супесчаные и темно-каштановые обыкновенные малогумусные маломощные супесчаные, рассредоточенные по всему землепользованию неоднородными массивами.

      Средняя урожайность пастбищных угодий составляет 3,5 центнер/га.

      Фонд кормов пастбищ используется в пастбищный период продолжительностью 180-200 дней.

4. Использование пастбищ

      8. Основными пользователями пастбищ являются сельскохозяйственные формирования. Скот населения в населенных пунктах пасется на отведенных землях.

      9. Количество поголовья сельскохозяйственных животных: у физических лиц - 14 843 головы крупного рогатого скота, 24 118 голов мелкого рогатого скота, 11 958 голов лошадей; у юридических лиц - 4 878 голов крупного рогатого скота, 1 176 голов мелкого рогатого скота, 937 голов лошадей. В целом по Иртышскому району 19 721 голова крупного рогатого скота, 25 294 головы мелкого рогатого скота, 12 895 голов лошадей.

      10. Сформированные стада, отары, табуны сельскохозяйственных животных по видам распределились следующим образом:

      49 стад крупного рогатого скота;

      37 отар мелкого рогатого скота.

      31 табун лошадей.

5. Ветеринарно-санитарные объекты

      11. В Иртышском районе действуют 42 ветеринарно-санитарных объекта, из них 26 скотомогильников, 16 ветеринарных пунктов.

6. Сервитуты для прогона скота

      12. В Иртышском районе сервитуты для прогона скота не установлены.

  Приложение 1
к Плану по управлению
пастбищами и их
использованию в Иртышском
районе на 2018 год

Схема (карта) расположения пастбищ на территории
Иртышского района в разрезе категорий земель, собственников
земельных участков и землепользователей на
основании правоустанавливающих документов


Условные обозначения:


  Приложение 2
к Плану по управлению
пастбищами и их
использованию в Иртышском
районе на 2018 год

Приемлемые схемы пастбищеоборотов


Условные обозначения:


  Приложение 3
к Плану по управлению
пастбищами и их
использованию в Иртышском
районе на 2018 год

Карта с обозначением внешних и внутренних границ
и площадей пастбищ, в том числе сезонных,
объектов пастбищной инфраструктуры


Условные обозначения:


  Приложение 4
к Плану по управлению
пастбищами и их
использованию в Иртышском
районе на 2018 год

Схема доступа пастбищепользователей к водоисточникам
(озерам, рекам, прудам, копаням, оросительным
или обводнительным каналам, трубчатым или шахтным
колодцам), составленную согласно норме потребления воды


Условные обозначения:


  Приложение 5
к Плану по управлению
пастбищами и их
использованию в Иртышском
районе на 2018 год

Схема перераспределения пастбищ для размещения
поголовья сельскохозяйственных животных физических и (или)
юридических лиц, у которых отсутствуют пастбища,
и перемещения его на предоставляемые пастбища


Условные обозначения:


  Приложение 6
к Плану по управлению
пастбищами и их
использованию в Иртышском
районе на 2018 год

Схема размещения поголовья сельскохозяйственных
животных на отгонных пастбищах физических и (или)
юридических лиц, не обеспеченных пастбищами,
расположенными при селе, сельском округе


Условные обозначения:


  Приложение 7
к Плану по управлению
пастбищами и их
использованию в Иртышском
районе на 2018 год

Календарный график по использованию пастбищ, устанавливающий
сезонные маршруты выпаса и передвижения сельскохозяйственных животных

№ п/п

Наименование

Период отгона скота на отдаленные пастбища

Период возврата скота с отдаленных пастбищ

1

2

3

4

1

село Агашорын

май, 1 половина

октябрь, 2 декада

2

село Амангельды

май, 1 половина

октябрь, 2 декада

3

Байзаковский сельский округ

май, 1 половина

октябрь, 1 декада

4

село Голубовка

май, 1 половина

октябрь, 2 декада

5

село Иртышск

май, 1 половина

октябрь, 2 декада

6

Каракудукский сельский округ

май, 1 половина

октябрь, 2 декада

7

село Косагаш

май, 1 половина

октябрь, 1 декада

8

Коскольский сельский округ

май, 1 половина

октябрь, 2 декада

9

Кызылжарский сельский округ

май, 1 половина

октябрь, 2 декада

10

село Ленино

май, 1 половина

октябрь, 2 декада

11

село Луговое

май, 1 половина

октябрь, 2 декада

12

село Майконыр

май, 1 половина

октябрь, 1 декада

13

Панфиловский сельский округ

май, 1 половина

октябрь, 2 декада

14

Северный сельский округ

май, 1 половина

октябрь, 2 декада

15

Селетинский сельский округ

май, 1 половина

октябрь, 2 декада

16

село Узынсу

май, 1 половина

октябрь, 2 декада