Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес Качир ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Качир ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 10 қаңтардағы "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2017 жылға Качир ауданының ұйымдарында жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" № 4 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5350 болып тіркелген, 2017 жылғы 2 ақпандағы "Тереңкөл тынысы", "Заря" № 5 газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Качир ауданы әкімінің орынбасары Р.Қ. Ыбыраеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ж. Шұғаев |