Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Береговое ауылдық округі ауылдары тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2017 жылғы 15 тамыздағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Береговое ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Качир ауданы Береговое ауылдық округі Береговое ауылында "Северная" көшесі "Достық" көшесіне қайта аталсын.
2. Качир ауданы Береговое ауылдық округі Зеленая роща ауылында "Новая" көшесі "Атамекен" көшесіне қайта аталсын.
3. Качир ауданы Береговое ауылдық округі Осьмерыжск ауылында "Луговая" көшесі "Ақжол" көшесіне қайта аталсын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Береговое ауылдық округі әкімі | Р. Құланбаев |