Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Жаңақұрылыс ауылдық округі Трофимовка ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2015 жылғы 11 маусымдағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Жаңақұрылыс ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Качир ауданы Жаңақұрылыс ауылдық округінің Трофимовка ауылындағы "Киров" көшесі "Григорий Пантелеевич Кравченконың" көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңақұрылыс ауылдық | |
округінің әкімі | Б. Капбасова |