Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Май аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Май аудандық мәслихатының 2015 жылғы 15 қыркүйектегі "Май аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 28 қыркүйекте № 4732 тіркелген, аудандық "Шамшырақ" газетінің 2015 жылғы 03 қазанда № 40, 2015 жылғы 10 қазанда № 41 жарияланған) № 3/53 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Май аудандық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Байғалиев |
Аудандық мәслихатының хатшысы | Ғ. Арынов |