Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 26.11.2020 № 77/350 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10-бабына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, заңдылық, азаматтардың құқығын сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | А. Солдатова |
Мәслихат хатшысы | В. Левченко |
Павлодар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 17 наурыздан № 14/95 шешімімен бекітілген |
Павлодар ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер,
пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі
1. Павлодар ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңына сәйкес әзірленді.
2. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу үшін Павлодар ауданы әкімінің аппаратына өтініш жазылады.
3. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу туралы өтінішті жасы он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке топтарының, еңбек ұжымдарының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері білдіру тиіс.
4. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу туралы өтініш жазба түрінде, белгіленген мерзімнен кем дегенде он күн бұрын білдірілуі тиіс. Өтініште мақсаты, формасы, өткізілу орны, басталу уақыты мен аяқталу уақыты, жоспарланған қатысушылар саны, өкілді ұйымдастырушылардың және қоғамдық келісімді сақтаушылардың аты-жөндері, жұмысы (оқуы) мен үйінің мекен-жайы мен өтініш білдірілген күн көрсетіледі. Өтініш білдірілу мерзімі Павлодар ауданы әкімінің аппаратында тіркелген күннен бастап саналады.
5. Павлодар ауданы әкімінің аппараты өтінішті қарастырып, қабылданған шешімді уәкілеттіге (ұйымдастырушыларға) шараның өтініште көрсетілген жоспарланған мерзімінен бес күн бұрын хабардар етуі тиіс.
6. Бейбіт жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу туралы өтініш білдірген кезде осы Қосымша тәртіптің 4-тармағының талаптары орындалмаған жағдайда Павлодар ауданы әкімінің аппаратынан жіберілген қателіктерді жаңа өтініш жазу арқылы жою ұсынысымен ресми жауап жіберіледі. Жаңа өтінішті қарастыру мерзімі өтініш түскен күннен бастап саналады.
7. Павлодар ауданы әкімінің аппараты, қажет болған жағдайда, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, қоғамдық қауіпсіздік, сондай-ақ көлік, инфрақұрылым объектілерінің қалыпты жұмыс істеуі, жасыл кеңістіктер мен шағын сәулет нысандарын сақтау мақсатында өтініш білдіргендерге іс-шара өткізуге баламалы орнын қолдануға ұсыныс білдіреді.
8. Егер Павлодар ауданы әкімінің аппараты митинг, жиналыс, шеру, пикет және демонстрациялардан бас тартатын болса немесе тыйым салу туралы шешім шығарылса, онда ұйымдастырушылар ықтимал қатысушыларға барлық дайындық жұмыстардың күші жойылғаны туралы шаралар қабылданғаның міндетті түрде хабарлауы қажет.
9. Павлодар ауданының аумағында митингілер мен жиналыстар өткізетін орындар етіп келесі орындар белгіленсін:
9.1. Набережное ауылы, Мир көшесі, Мәдениет үйі ғимаратының алдында;
9.2. Ефремовка ауылы, Абай көшесі, Даңқ Обелискі алдында;
9.3. Заря ауылы, Абай көшесі, Даңқ Обелискі алдында;
9.4. Заңғар ауылы, Абылайхан көшесі, ауылдық клуб ғимаратының алдында;
9.5. Новоямышев ауылы, Д. Қонаев көшесі, Мәдениет үйі ғимаратының алдында;
9.6. Красноармейка ауылы, 60 лет Октября көшесі, Мәдениет үйі ғимаратының алдында;
9.7. Луганск ауылы, 50 лет Октября көшесі, ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты алдында;
9.8. Мичурин ауылы, Молодежная көшесі, ауылдық клуб ғимаратының алдында;
9.9. Ольгинка ауылы, Школьная көшесі, Даңқ Обелискі алдында;
9.10. Розовка ауылы, Абай көшесі, ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты алдында;
9.11. Чернорецк ауылы, Трунов көшесі, Мәдениет үйі ғимаратының алдында;
9.12. Новочерноярка ауылы, Мир көшесі, Жеңіс саябағы алдында;
9.13. Шақат ауылы, Әуезов көшесі, ауылдық клуб ғимаратының алдында.
10. Павлодар ауданы аумағында шерулер мен демонстрациялар өткізу үшін келесі бағыттар белгіленсін:
10.1. Набережное ауылы, Мир көшесі бойынша Даңқ аллеясы ескерткішінен Центральная көшесі қиылысына дейін;
10.2. Ефремовка ауылы, Абай көшесі бойынша Целинная көшесімен қиылысынан Мәдениет үйі ғимаратына дейін;
10.3. Заря ауылы, Камзин көшесі бойынша И. Байзақов көшесінің қиылысынан Ә. Молдағұлова көшесінің қиылысына дейін;
10.4. Заңғар ауылы, 1-Май көшесі бойынша Әуезов көшесі қиылысынан № 28 үйге дейін;
10.5. Новоямышев ауылы, Бейбітшілік көшесі бойынша Гагарин көшесінің қиылысынан Пушкин көшесі қиылысына дейін;
10.6. Красноармейка ауылы, Ленин көшесі бойынша 60 лет Октября көшесінің қиылысынан Комсомольская көшесі қиылысына дейін;
10.7. Луганск ауылы, 50 лет Октября көшесі бойынша Тәуелсіздік көшесімен қиылысынан ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратына дейін;
10.8. Мичурин ауылы, Молодежная көшесі бойынша № 1 үйден ауылдық клуб ғимаратына дейін;
10.9. Ольгинка ауылы, Целинная көшесі бойынша Мир көшесі қиылысынан Школьная көшесі қиылысына дейін;
10.10. Розовка ауылы, Садовая көшесі бойынша Гагарин көшесі қиылысынан Абай көшесі қиылысына дейін;
10.11. Чернорецк ауылы, 1-Май көшесі бойынша Тургенев көшесінің қиылысынан Комсомольская көшесі қиылысына дейін;
10.12. Новочерноярка ауылы, Жеңіс саябағынан Мир-Памятная көшелердің қиылысына дейін;
10.13. Шақат ауылы, Әуезов көшесі бойынша Садовая көшесі қиылысынан ауылдық клуб ғимаратына дейін.
11. Жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрациялар, сондай-ақ қатысушыларға сөз кезегін беру баяндалған мақсаттарға сай, белгіленген мерзімдерде және жерлерде жүзеге асырылады.
12. Жиналыс, митинг, шеру, пикет, демонстрациялар өткізу кезінде уәкілетті (ұйымдастырушылар) және басқа да қатысушылар қоғамдық тәртіпті сақтауға міндетті.
13. Ұйымдастырушылар мен қатысушыларға:
1) көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің жолын бөгеуге;
2) елді мекеннің үздіксіз инфрақұрылымдық қызметіне араласуға;
3) Павлодар ауданы әкімі аппаратының келісімінсіз киіз үй, шатыр, өзге де уақытша ғимараттар тұрғызуға;
4) жасыл аймақтар мен шағын сәулет нысандарына зиян келтіруге;
5) өзімен суық қару, сондай-ақ адам өмірі мен кауіпсіздігіне зиян келтіруі, азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлігіне материалдық зарар келтіруі мүмкін заттар тасуға;
6) іс-шара өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар өкілдерінің қызметіне кез келген формада араласуға;
7) шараға алкогольден және есірткіден мас күйінде қатысуғатыйым салынады.
14. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізілетін орындарда алкогольды ішімдіктер ішуге, есірткі, психотропты заттар қолдануға, лозунгтер, транспаранттар және басқа да материалдар (көрнекі, аудио және бейне), коғамдық келісімді бұзуға, қылмыс жасауға бағытталған баяндамалар жасауға, біреуді балағаттауға тыйым салынады.
15. Пикеттер өтініште көрсетілген мақсаттарға сәйкес белгіленген орын мен уақытта өткізілуі тиіс.
16. Пикет өткізуде рұқсат етіледі:
1) пикет өткізу нысаны маңында отыру;
2) көрнекі насихаттауға арналған заттарды қолдану;
3) пикет тақырыбы бойынша қысқаша лозунгтер айту.
17. Пикетті өзге нысанға (митинг, жиналыс, шеру, демонстрацияға) өзгерткен жағдайда белгіленген тәртіппен Павлодар ауданы әкімінің аппаратынан рұқсат алу қажет.
Павлодар ауданы әкімінің аппараты бір күнде, бір уақытта және бір орында үшеуден аспайтын жеке дара пикетті өткізуге рұқсат беруі мүмкін.
Түрлі жеке дара пикеттерге қатысушылар бір-бірінен 50 метрден кем емес қашықтықта орналасуы немесе бір-біріне айқын көрініп тұруы қажет.
18. Егер жиналысты, митингті, шерудi, пикет қоюды немесе демонстрацияны өткiзудiң мақсаты нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтiк араздықты, дiни төзiмсiздiктi, тектiк астамшылықты қоздыру, республиканың конституциялық құрылысын күш қолданып құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтік актілерінің басқа қағидаларын бұзу болса немесе оларды өткiзу қоғамдық тәртiп пен азаматтардың қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн болса, Павлодар ауданы әкімінің аппараты бұларды өткiзуге тыйым салады.
19. Қорғаныс қауiпсiздiгiн және халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн ұйымдардың (сумен, электр қуатымен, жылумен және басқа энергия көздерiмен), денсаулық сақтау мен бiлiм беру мекемелерiнiң жанында бұқаралық шараларды өткiзуге тыйым салынады.
20. Егер: өтініш берілмеген болса, тыйым салу туралы шешім шығарылса, өткізу тәртібі бұзылса, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнетін, қоғамдық тәртіп бұзылатын жағдайда жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар Павлодар ауданы әкімі аппараты өкілінің талап етуi бойынша сөзсiз тоқтатылуға тиiс.
21. Павлодар ауданы әкімі аппараты өкілінің заңды талабын орындаудан бас тартылған жағдайда оның нұсқауы бойынша iшкi iстер органдары жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды және демонстрацияны тоқтату жөнiнде қажетті шаралар қолданады.
22. Жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзудiң белгiленген тәртiбiн бұзған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.
23. Жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды өткiзу кезiнде оларға қатысушылардың азаматтарға, қоғамдық бiрлестiктерге, мемлекетке келтiрген материалдық залалы үшiн заңда белгіленген тәртіп бойынша өтем жасалуға тиiс.
24. Жиналыс, митинг, шеру, пикет, демонстрация өткiзiлетiн жерде қоғамдық тәртiптi сақтау, үй-жайлар беру, санитарлық тазарту, жарық беру және радиоландыру жөнiндегi туындаған барлық қосымша шығындарды оларды ұйымдастырушылар өтейдi.