Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық кұрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Павлодар ауданы Шақат ауылдық округі Шақат және Маралды ауылдарының тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2016 жылғы 21 қарашадағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Шақат ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар ауданы Шақат ауылдық округінің Шақат ауылында "Степная" көшесі "Мәншүк Маметова" көшесі болып қайта аталсын.
2. Павлодар ауданы Шақат ауылдық округінің Маралды ауылында "Степная" көшесі "Қаныш Сәтбаев", "Целинная" көшесі "Тәуелсіздік" көшесі болып қайта аталсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бықылауды өзіме қалдырымын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шақат ауылдық округінің әкімі | Б. Абиев |