Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қосымшаға сәйкес Успен аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Успен аудандық мәслихатының экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | С. Смагулова |
Аудандық мәслихат хатшысы | Р. Бечелова |
Успен аудандық мәслихатының (VI сайланған XVIІI кезекті сессиясы) 2017 жылғы 31 шілдедегі № 85/18 шешіміне қосымша |
Успен аудандық мәслихатының күші
жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Успен аудандық мәслихатының (ІV сайланған XVII сессиясы) 2009 жылғы 28 шілдедегі "Успен ауданының жерлерді бөлу нобайын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12-12-76 болып тіркелген, 2009 жылғы 12 қыркүйекте № 36 "Сельские будни" аудандық газетінде жарияланған) № 93/17 шешімі.
2. Успен аудандық мәслихатының (ІV сайланған XIХ сессиясы) 2009 жылғы 25 желтоқсандағы "Успен аудандық мәслихатының 2009 жылғы 28 шілдедегі "Успен ауданының жерлерді бөлу нобайын бекіту туралы" № 93/17 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12-12-83 болып тіркелген, 2010 жылғы 23 қаңтарында № 4 "Сельские будни" аудандық газетінде жарияланған) № 111/19 шешімі.
3. Успен аудандық мәслихатының (ІV сайланған XХХХI сессиясы) 2011 жылғы 27 қазандағы "Успен аудандық мәслихатының 2009 жылғы 28 шілдедегі "Успен ауданының жерлерді бөлу нобайын бекіту туралы" № 93/17 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12-12-117 болып тіркелген, 2011 жылғы 8 желтоқсанда № 8 "Апта айнасы" аудандық газетінде жарияланған, 2011 жылғы 8 желтоқсанда № 49 "Сельские будни" аудандық газетінде жарияланған) № 215/41 шешімі.