Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" № 183 қаулысына сәйкес, Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шарбақты аудандық мәслихатының 2017 жылғы 21 ақпандағы "2017 жылға арналған Шарбақты ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" № 53/17 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5396 болып тіркелген, 2017 жылғы 9 наурызда аудандық "Маралды" газетінде, 2017 жылғы 9 наурызда аудандық "Трибуна" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
қазақ тілдегі 3-тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
"3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шарбақты аудандық мәслихатының әлеуметтік саясат және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шарбақты аудандық мәслихатының әлеуметтік саясат және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Н. Жакупова |
Аудандық мәслихат хатшысы | С. Шпехт |