Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 16.07.2020 № 255/77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10-бабына сәйкес, Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шарбақты аудандық мәслихатының 2016 жылғы 4 сәуірдегі "Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібін бекіту туралы" № 5/2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5056 тіркелген, 2016 жылғы 20 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімімен бекітілген Шарбақты ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібінде:
10-тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
"10. Шарбақты ауданы аумағында шерулер мен демонстрацияларды өткізу үшін келесі бағыттар белгіленсін:
а) Шарбақты ауылы, Тәуелсіздік көшесімен, Малайсары тархан көшесінен Чкалов көшесіне дейін;
б) Шарбақты ауылы, 1 Май көшесімен, Алимбаев көшесінен Тәуелсіздік көшесіне дейін.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шарбақты аудандық мәслихатының заңдылық мәселелері және әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, | |
аудандық мәслихат хатшысы | С. Шпехт |