Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13-бабына cәйкес, Алматы қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Алматы қаласы ономастика комиссиясының 2017 жылғы 26 маусымдағы және Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 24 тамыздағы қорытындыларының негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және VІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Алматы қаласындағы Бостандық ауданы бойынша:
"Алатау" шағын ауданындағы "Квартал А 1" атауы жоқ көше - Тарлан көшесі;
Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша "Каменка 3" шағын ауданындағы:
1-көше жобалық атауы бар көше – Бақыт көшесі;
2-көше жобалық атауы бар көше – Қыран көшесі;
3-көше жобалық атауы бар көше – Бұланды көшесі;
4-көше жобалық атауы бар көше – Самұрық көшесі болып аталсын.
2. Алматы қаласы Бостандық, Наурызбай аудандарының әкімдері, "Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы", "Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы", "Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемелері осы қаулы мен шешімді іске асыру жөнінде қажетті шараларды қабылдасын.
3. Алматы қаласы мәслихатының аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулы мен шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында және Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Х. Есеноваға және Алматы қаласы әкімінің орынбасары А. Қырықбаевқа жүктелсін (келісім бойынша).
5. Осы "Алматы қаласындағы атауы жоқ көшелерге атау беру туралы" Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы және мәслихатының шешімі әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі | Б. Байбек |
VІ сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХХI сессиясының төрағасы |
М. Абдуллаев |
VІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының хатшысы |
Қ. Қазанбаев |