Алматы қаласы әкiмдiгiнiң "Алматы қаласы Білім басқармасы көрсететiн "Үздiк педагог" атағын беру және мемлекеттiк орта бiлiм беру мекемелерiнiң басшылары лауазымдарына орналасу конкурстарына қатысу үшiн құжаттарды қабылдау бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" 2015 жылғы 11 қарашадағы № 4/619 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 5 қазандағы № 4/400 қаулысы. Алматы қаласы әдiлет департаментінде 2017 жылғы 24 қазанда № 1417 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 3/399 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 29.09.2020 № 3/399 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуiрдегi "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" Заңының 16-бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуiрдегi "Құқықтық актiлер туралы" Заңының 50-бабына сәйкес, Алматы қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Алматы қаласы әкiмдiгiнiң "Алматы қаласы Бiлiм басқармасы көрсететiн "Үздiк педагог" атағын беру және мемлекеттiк орта бiлiм беру мекемелерiнiң басшылары лауазымдарына орналасу конкурстарына қатысу үшiн құжаттарды қабылдау бойынша мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттерiн бекiту туралы" 2015 жылғы 11 қарашадағы № 4/619 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде № 1234 болып тiркелген, 2015 жылғы 12 желтоқсанда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерiстер енгiзiлсiн:

      аталған қаулымен бекітілген "Үздiк педагог" атағын беру конкурсына қатысу үшiн құжаттар қабылдау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламенті, осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, жаңа редакцияда мазмұндалсын;

      аталған қаулымен бекітілген "Мемлекеттiк орта бiлiм беру мекемелерiнiң басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшiн құжаттар қабылдау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламенті, осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес, жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Алматы қаласы Білім басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiпте осы қаулыны әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi, кейiннен мерзiмдi баспа басылымдарында, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде және Алматы қаласы әкiмдiгiнiң ресми интернет-ресурсында ресми жариялауды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары А. Қырықбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Б. Байбек

  Алматы қаласы әкімдігінің
2017 жылғы 5 қазандағы
№ 4/400 қаулысына 1-қосымша
  Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 11 қарашадағы
№ 4/619 қаулысымен бекітілді

"Үздiк педагог" атағын беру конкурсына қатысу үшiн құжаттар қабылдау"
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi 1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Үздiк педагог" атағын беру конкурсына қатысу үшiн құжаттар қабылдау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 173 бұйрығымен бекітілген "Үздiк педагог" атағын беру конкурсына қатысу үшiн құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде әзірленді.

      "Үздiк педагог" атағын беру конкурсына қатысу үшiн құжаттар қабылдау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметiн (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) "Алматы қаласы Білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі көрсетедi (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi).

      Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн беру көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны – қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi - "Үздiк педагог" атағын беру, куәлiк, төсбелгi тапсыру және 1000 еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде сыйақы төлеу.

      Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз жүзiнде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      4. Көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінішті және Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды алуы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз болып табылады.

      5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

      1) аудандық конкурстық комиссияның көрсетілетін қызметті алушыдан конкурстың І кезеңіне (аудандық) қатысу үшін өтініш пен құжаттарды қабылдауы, рәсімнің ұзақтығы - 20 минут;

      2) қалалық конкурстық комиссияның аудандық конкурстық комиссия ұсынған құжаттар мен І кезең (аудан) жеңімпаздарының ІІ кезеңге (қалалық) қатысуы үшін ұсынымын қабылдауы, рәсімнің ұзақтығы – 20 минут;

      3) республикалық конкурстық комиссияның қалалық конкурстық комиссия ұсынған құжаттар мен ІІ кезең (қалалық) жеңімпаздарының ІІІ кезеңге (республикалық) қатысуы үшін ұсынымын қабылдауы, рәсімнің ұзақтығы - 20 минут;

      4) мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесін беру, рәсімнің ұзақтығы - жыл сайын 30 қыркүйекке дейін.

      6. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) орындауды бастауға негiз болатын мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмiнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:

      1) аудандық конкурстық комиссияның конкурсқа қатысушылардың кәсiби қызметтегi жетiстiктерiн бағалау үшін отырысын өткізуі және конкурстың І кезеңі (аудандық) жеңімпазын анықтауы, рәсімнің ұзақтығы - жыл сайын 1 сәуірден 30 сәуірге дейін;

      2) қалалық конкурстық комиссияның аудандық конкурстық комиссия ұсынған құжаттар мен І кезең (аудан) жеңімпаздарының ІІ кезеңге (қалалық) қатысуы үшін ұсынымын қарауы және конкурстың ІІ кезеңі (қалалық) жеңімпазын анықтауы, рәсімнің ұзақтығы – жыл сайын 1 мамырдан 31 мамырға дейін;

      3) республикалық конкурстық комиссияның қалалық конкурстық комиссия ұсынған ұсыным мен ІІ кезең (қалалық) жеңімпаздарының жетістіктерін қарауы, рәсімнің ұзақтығы - жыл сайын 30 қыркүйекке дейін;

      4) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесін беру, рәсімнің ұзақтығы - жыл сайын 30 қыркүйекке дейін.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі:

      аудандық конкурстық комиссия;

      қалалық конкурстық комиссия;

      республикалық конкурстық комиссия.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) ретін сипаттау:

      1) аудандық конкурстық комиссия көрсетілетін қызметті алушыдан конкурстың І кезеңіне (аудандық) қатысу үшін өтініш пен құжаттарды қабылдайды, ұсынылған құжаттарды қарайтын және конкурсқа қатысушылардың кәсіптік қызметтегі жетістіктерін бағалап, отырысын өткізеді, отырыстың қорытындысы бойынша конкурстың І кезеңінің (аудандық) жеңімпазын анықтайды, содан кейін қалалық конкурстық комиссияның қарауына конкурстың І кезеңі (аудандық) жеңімпазының конкурстың ІІ (қалалық) кезеңіне қатысуы үшін ұсынымды жолдайды, рәсімнің ұзақтығы - жыл сайын 1 сәуірден 30 сәуірге дейін;

      2) қалалық конкурстық комиссия құжаттар мен конкурстың І кезеңінің (аудандық) жеңімпаздарының конкурстың ІІ кезеңіне (қалалық) қатысу үшін ұсынымдар келіп түскеннен кейін, ұсынылған ұсынымдарды қарайтын отырысын өткізеді және конкурстың І кезеңі (аудандық) жеңімпаздарының кәсіптік қызметтегі жетістіктерін бағалайды, отырыс қорытындысы бойынша конкурстың ІІ кезеңінің (қалалық) жеңімпазын анықтайды, содан кейін республикалық конкурстық комиссияның қарауына конкурстың ІІ кезеңі (қалалық) жеңімпазының конкурстың ІІІ (республикалық) кезеңіне қатысуы үшін ұсынымды жолдайды, рәсімнің ұзақтығы - жыл сайын 1 мамырдан 31 мамырға дейін;

      3) республикалық конкурстық комиссия құжаттар мен конкурстың ІІ кезеңінің (қалалық) жеңімпаздарының конкурстың ІІІ кезеңіне (республикалық) қатысу үшін ұсынымдар келіп түскеннен кейін, ұсынылған ұсынымдарды қарайтын отырысын өткізеді және конкурстың ІІ кезеңі (қалалық) жеңімпаздарының кәсіптік қызметтегі жетістіктерін бағалайды, отырыс қорытындысы бойынша конкурстың ІІІ кезеңі (республикалық) жеңімпазын анықтайды, "Үздiк педагог" атағын береді, куәлiкті, төсбелгiні тапсырады және 1000 еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде сыйақы төлейді, рәсімнің ұзақтығы - жыл сайын 30 қыркүйекке дейін.

      9. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) ретiн, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылының толық сипаттамасы осы Регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiлген.

  "Үздiк педагог" атағын беру
конкурсына қатысу үшiн
құжаттар қабылдау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша

Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығы


Шартты белгілер


  Алматы қаласы әкімдігінің
2017 жылғы 5 қазандағы
№ 4/400 қаулысына 2-қосымша
  Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 11 қарашадағы
№ 4/619 қаулысымен бекітілді

"Мемлекеттiк орта бiлiм беру мекемелерiнiң басшылары лауазымдарына орналасу
конкурсына қатысу үшiн құжаттарды қабылдау"
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi 1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Мемлекеттiк орта бiлiм беру мекемелерiнiң басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшiн құжаттарды қабылдау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 173 бұйрығымен бекітілген "Мемлекеттiк орта бiлiм беру мекемелерiнiң басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшiн құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде әзірленді.

      "Мемлекеттiк орта бiлiм беру мекемелерiнiң басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшiн құжаттарды қабылдау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметiн (бұдан әрi - мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) "Алматы қаласы Білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі көрсетедi (бұдан әрi - көрсетiлетiн қызметтi берушi).

      Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн құжаттарды қабылдау және нәтижесiн беру көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны - қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi мемлекеттiк орта бiлiм беру мекемесiнiң басшысы лауазымына орналасу конкурсына қатысушының бос лауазымының бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi туралы конкурстық комиссияның шешiмi болып табылады.

      Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз жүзiнде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      4. Көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінішті және Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды алуы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз болып табылады.

      5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

      1) мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасының құжаттарды қабылдауы және өтінішті тіркеуі, рәсімнің ұзақтығы - 20 минут;

      2) конкурсқа қатысушылардың бiлiктiлiгiн бағалау, білік талаптарына сай келетін кандидаттармен әңгiмелесу өткiзу, рәсімнің ұзақтығы - күнтізбелік 30 күн.

      6. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) орындауды бастауға негiз болатын мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмiнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:

      1) конкурқа қатысу туралы өтініштің көшірмесіне құжаттар топтамасының қабылданған күнi мен уақыты көрсетiлген белгi соғу және көрсетілетін қызметті берушінің конкурстық комиссиясының қарауына беру;

      2) мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесін беру.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің
сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі:

      мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасы;

      көрсетілетін қызметті берушінің конкурстық комиссиясы.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) ретін сипаттау:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетілетін қызметті берушінің жауапты тұлғасы өтінішті тіркеуді жүзеге асырады, құжаттарды қабылдау кезінде конкурсқа қатысу туралы өтініштің көшірмесіне құжаттар топтамасының қабылданған күнi мен уақыты көрсетiлген белгiні соғады және көрсетілетін қызметті берушінің конкурстық комиссиясына қарауға береді, рәсімнің ұзақтығы - 20 минут;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің конкурстық комиссиясы:

      құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейiн бес жұмыс күнi iшiнде комиссия қатысушылардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн бағалауды жүргiзедi, бағалаудың қорытындысы бойынша дауыс беру жолымен бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiн кандидаттардың тiзiмiн бекiту туралы және (немесе) әңгiмелесуге жiберуден бас тарту туралы шешiмдер қабылдайды;

      кандидаттардың тiзiмiн бекiткен күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiн конкурсқа қатысушыларды кандидат ретiнде бекiту туралы, әңгiмелесу өтетiн күн, уақыты және орны туралы хабардар етедi және бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмейтiн конкурсқа қатысушыларды әңгiмелесуге жiберуден бас тарту туралы хабардар етедi;

      бір жұмыс күнi iшiнде кандидаттармен лауазымға функционалдық мiндеттердi орындауына қажеттi кәсiби бiлiмдерiн анықтау мақсатында әңгiмелесу өткізеді;

      әңгімелесуден кейін бір жұмыс күнi iшiнде кандидаттардың қатысуынсыз ашық дауыс беру жолымен кандидаттың біреуінің орта бiлiм беру мекемесi басшысының бос лауазымының бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi туралы шешiм қабылдайды, конкурстың қорытынды отырысының хаттамасын әзірлейді;

      әңгiмелесуден өткен кандидаттарға конкурс аяқталған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде оның нәтижелерi туралы жазбаша хабарлайды. Хабарламамен бiрге кандидаттарға көрсетілетін қызметті берушінің мөрiмен куәландырылған конкурстық комиссия отырысы хаттамасының көшiрмесi жiберiледi;

      конкурстық iрiктеудiң қорытындылары бойынша ұйымның басшысына конкурстың жеңiмпазын орта бiлiм беру мекемесi басшысының лауазымына қабылдау туралы ұсыныммен қоса комиссияның шешiмiн енгiзедi.

      9. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) ретiн, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылының толық сипаттамасы осы Регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiлген.

  "Мемлекеттiк орта бiлiм беру
мекемелерiнiң басшылары
лауазымдарына орналасу
конкурсына қатысу үшiн
құжаттарды қабылдау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша

Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығы


Шартты белгілер


О внесении изменений в постановление акимата города Алматы от 11 ноября 2015 года № 4/619 "Об утверждении регламентов государственных услуг по приему документов для участия в конкурсах на присуждение звания "Лучший педагог" и на замещение руководителей государственных учреждений среднего образования, оказываемых Управлением образования города Алматы"

Постановление акимата города Алматы от 5 октября 2017 года N 4/400. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Алматы 24 октября 2017 года N 1417. Утратило силу постановлением акимата города Алматы от 29 сентября 2020 года № 3/399

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Алматы от 29.09.2020 № 3/399 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 16 Закона Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года "О государственных услугах" и статьей 50 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", акимат города Алматы ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата города Алматы от 11 ноября 2015 года № 4/619 "Об утверждении регламентов государственных услуг по приему документов для участия в конкурсах на присуждение звания "Лучший педагог" и на замещение руководителей государственных учреждений среднего образования, оказываемых Управлением образования города Алматы" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 1234, опубликовано 12 декабря 2015 года в газетах "Алматы ақшамы" и "Вечерний Алматы") следующие изменения:

      регламент государственной услуги "Прием документов для участия в конкурсе на присуждение звания "Лучший педагог", утвержденный указанным постановлением изложить в новой редакции, согласно приложению 1 к настоящему постановлению;

      регламент государственной услуги "Прием документов для участия в конкурсе на замещение руководителей государственных учреждений среднего образования", утвержденный указанным постановлением изложить в новой редакции, согласно приложению 2 к настоящему постановлению.

      2. Управлению образования города Алматы в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить государственную регистрацию настоящего постановления в органах юстиции, последующее официальное опубликование в периодических печатных изданиях, в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и на официальном интернет-ресурсе акимата города Алматы.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Алматы А. Кырыкбаева.

      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Алматы Б. Байбек

  Приложение 1
к постановлению акимата
города Алматы
от 5 октября 2017 года № 4/400
  Утвержден
постановлением акимата
города Алматы
от 11 ноября 2015 года № 4/619

Регламент государственной услуги
"Прием документов для участия в конкурсе на присуждение
звания "Лучший педагог" 1. Общие положения

      1. Настоящий Регламент государственной услуги "Прием документов для участия в конкурсе на присуждение звания "Лучший педагог" (далее - Регламент) разработан на основании стандарта государственной услуги "Прием документов для участия в конкурсе на присуждение звания "Лучший педагог", утвержденного приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 8 апреля 2015 года № 173 (далее – Стандарт).

      Государственная услуга "Прием документов для участия в конкурсе на присуждение звания "Лучший педагог" (далее - государственная услуга) оказывается коммунальным государственным учреждением "Управление образования города Алматы" (далее - услугодатель).

      Прием заявления и выдача результата оказания государственной услуги осуществляются через канцелярию услугодателя.

      2. Форма оказания государственной услуги – бумажная.

      3. Результат оказания государственной услуги – присвоение звания "Лучший педагог", вручение свидетельства, нагрудного знака и вознаграждения в размере 1000-кратного месячного расчетного показателя.

      Форма предоставления результата оказания государственной услуги: бумажная.

2. Описание порядка действий структурных подразделений (работников)
услугодателя в процессе оказания государственной услуги

      4. Основанием для начала процедуры (действия) по оказанию государственной услуги является получение услугодателем заявления и необходимых документов для оказания государственной услуги от услугополучателя, предусмотренных пунктом 9 Стандарта.

      5. Содержание каждой процедуры (действия), входящей в состав процесса оказания государственной услуги, длительность его выполнения:

      1) прием заявления и документов от услугополучателя для участия в І этапе (районном) конкурса районной конкурсной комиссией, длительность процедуры - 20 минут;

      2) прием городской конкурсной комиссией, предоставленных районной конкурсной комиссией документов и рекомендации для участия победителей І этапа (районного) конкурса во ІІ этапе (городского) конкурса, длительность процедуры - 20 минут;

      3) прием республиканской конкурсной комиссией, предоставленных документов городской конкурсной комиссией, документов и рекомендаций для участия победителя ІІ этапа (городского) конкурса в ІІІ этапе (республиканского) конкурса, длительность процедуры - 20 минут;

      4) выдача результата оказания государственной услуги, длительность процедуры – ежегодно до 30 сентября.

      6. Результат процедуры (действия) по оказанию государственной услуги, который служит основанием для начала выполнения следующей процедуры (действия):

      1) проведение районной конкурсной комиссией заседания для оценивания достижения участников конкурса в профессиональной деятельности и определения победителя первого этапа (районного) конкурса, длительность процедуры - ежегодно с 1 апреля до 30 апреля;

      2) рассмотрение городской конкурсной комиссией, предоставленных районной конкурсной комиссией документов и рекомендаций для участия победителей І этапа (районного) конкурса во ІІ этапе (городского) конкурса и определения победителя ІІ этапа (городского) конкурса, длительность процедуры - ежегодно с 1 мая до 30 мая;

      3) рассмотрение республиканской конкурсной комиссией, предоставленных городской конкурсной комиссией рекомендации и достижения победителей ІІ этапа (городского) конкурса, длительность процедуры - ежегодно до 30 сентября;

      4) выдача услугополучателю результата оказания государственной услуги, длительность процедуры - ежегодно до 30 сентября.

3. Описание порядка взаимодействия структурных подразделений
(работников) услугодателя в процессе оказания государственной услуги

      7. Перечень структурных подразделений услугодателя, участвующих в процессе оказания государственной услуги:

      районная конкурсная комиссия;

      городская конкурсная комиссия;

      республиканская конкурсная комиссия.

      8. Описание последовательности процедур (действий) между структурными подразделениями (работниками) услугодателя:

      1) районная конкурсная комиссия принимает заявления и документы от услугополучателя для участия в І этапе (районном) конкурса, проводит заседание, где рассматриваются предоставленные документы и оцениваются достижения участников конкурса в профессиональной деятельности, по итогам заседания определяет победителя І этапа (районного) конкурса, после направляет рекомендации для участия победителя І этапа (районного) конкурса во ІІ этапе (городском) конкурса на рассмотрение городской конкурсной комиссии, длительность процедуры – ежегодно с 1 апреля до 30 апреля;

      2) городская конкурсная комиссия после поступления документов и рекомендаций для участия победителей І (районного) этапа во ІІ этапе (городском) конкурса проводит заседание, где рассматривает предоставленные рекомендации и оценивает достижения в профессиональной деятельности победителей І этапа (районного) конкурса, по итогам заседания определяет победителя ІІ этапа (городского) конкурса, после направляет рекомендации для участия победителя ІІ (городского) этапа конкурса в ІІІ этапе (республиканском) конкурса на рассмотрение республиканской конкурсной комиссии, длительность процедуры - ежегодно с 1 мая до 31 мая;

      3) республиканская конкурсная комиссия после поступления документов и рекомендации для участия победителя ІІ (городского) этапа конкурса в ІІІ этапе (республиканском) конкурса проводит заседание, где рассматривает предоставленные рекомендации и оценивает достижения в профессиональной деятельности победителей ІІ этапа (городского) конкурса, по итогам заседания определяет победителя ІІІ этапа (республиканского) конкурса, присваивает звание "Лучший педагог", вручает свидетельство, нагрудной знак и вознаграждение в размере 1000-кратного месячного расчетного показателя, длительность процедуры - ежегодно до 30 сентября.

      9. Подробное описание последовательности процедур (действий), взаимодействий структурных подразделений (работников) услугодателя в процессе оказания государственной услуги отражены в справочнике бизнес-процессов оказания государственной услуги согласно приложения к настоящему Регламенту.

  Приложение
к регламенту государственной
услуги "Прием документов
для участия в конкурсе
на присуждение звания
"Лучший педагог"

Справочник бизнес-процессов оказания государственной услуги



Условные обозначения



  Приложение 2
к постановлению акимата
города Алматы
от 5 октября 2017 года № 4/400
  Утвержден
постановлением акимата
города Алматы
от 11 ноября 2015 года № 4/619

Регламент государственной услуги
"Прием документов для участия в конкурсе на замещение
руководителей государственных учреждений среднего образования" 1. Общие положения

      1. Настоящий Регламент государственной услуги "Прием документов для участия в конкурсе на замещение руководителей государственных учреждений среднего образования" (далее – Регламент) разработан на основании стандарта государственной услуги "Прием документов для участия в конкурсе на замещение руководителей государственных учреждений среднего образования", утвержденного приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 8 апреля 2015 года № 173 (далее - Стандарт).

      Государственная услуга "Прием документов для участия в конкурсе на замещение руководителей государственных учреждений среднего образования" (далее - государственная услуга) оказывается коммунальным государственным учреждением "Управление образования города Алматы" (далее - услугодатель).

      Прием и выдача документов для оказания государственной услуги осуществляется через канцелярию услугодателя.

      2. Форма оказания государственной услуги - бумажная.

      3. Результатом оказания государственной услуги является решение конкурсной комиссии о соответствии участников конкурса на замещение должности руководителя государственного учреждения среднего образования квалификационным требованиям вакантной должности.

      Форма предоставления результата оказания государственной услуги: бумажная.

2. Описание порядка действий структурных подразделений (работников)
услугодателя в процессе оказания государственной услуги

      4. Основанием для начала процедуры (действия) по оказанию государственной услуги является получение услугодателем заявления и необходимых документов для оказания государственной услуги от услугополучателя предусмотренных, пунктом 9 Стандарта.

      5. Содержание каждой процедуры (действия), входящей в состав процесса оказания государственной услуги, длительность его выполнения:

      1) прием документов ответственным лицом услугодателя по приему документов для оказания государственных услуг и регистрация заявления, длительность процедуры - 20 минут;

      2) квалификационная оценка участников, проведение собеседования с кандидатами, соответствующих квалификационным требованиям, подведение итогов конкурса конкурсной комиссией услугодателя, длительность процедуры – 30 календарных дней.

      6. Результат процедуры (действия) по оказанию государственной услуги, который служит основанием для начала выполнения следующей процедуры (действия):

      1) отметка на копии заявления о принятии документов с указанием даты и времени приема пакета документов на участие в конкурсе и передача на рассмотрение конкурсной комиссии услугодателя.

      2) выдача результата оказания государственной услуги.

3. Описание порядка взаимодействия структурных подразделений
(работников) услугодателя в процессе оказания государственной услуги

      7. Перечень структурных подразделений услугодателя, участвующих в процессе оказания государственной услуги:

      ответственное лицо услугодателя по приему документов для оказания государственных услуг;

      конкурсная комиссия услугодателя.

      8. Описание последовательности процедур (действий) между структурными подразделениями (работниками) услугодателя:

      1) ответственное лицо услугодателя по приему документов для оказания государственных услуг осуществляет регистрацию заявления при приеме документов ставит отметку на копии заявления о принятии документов с указанием даты и времени приема пакета документов на участие в конкурсе и передает на рассмотрение конкурсной комиссии услугодателя, длительность процедуры - 20 минут;

      2) конкурсная комиссия услугодателя:

      в течение пяти рабочих дней после даты завершения приема документов проводит оценку соответствия участника квалификационным требованиям, по результатам оценки путем голосования принимает решения об утверждении списка кандидатов, соответствующих квалификационным требованиям и (или) об отказе в допуске к собеседованию;

      в течение трех рабочих дней со дня утверждения списка кандидатов уведомляет участников конкурса, соответствующих квалификационным требованиям, об утверждении их в качестве кандидатов, о дате, времени и месте прохождения собеседования и не соответствующих квалификационным требованиям об отказе в допуске к собеседованию;

      в течение одного рабочего дня проводит собеседования с кандидатами в целях определения профессиональных знаний кандидатов необходимые для выполнения функциональных обязанностей к данной должности;

      после собеседования в отсутствие кандидатов путем открытого голосования в течение одного рабочего дня, принимает решение о соответствии участников конкурса на замещение должности руководителя государственного учреждения среднего образования квалификационным требованиям вакантной должности, подготавливает протокол итогового заседания конкурса;

      письменно извещает кандидатов, прошедших собеседование о результатах конкурса в течение трех рабочих дней со дня его завершения. Вместе с извещением кандидатам направляется копия протокола заседания конкурсной комиссии, заверенная печатью услугодателя;

      по итогам конкурсного отбора вносит руководителю услугодателя решение комиссии с рекомендацией о принятии победителя конкурса на должность руководителя государственного учреждения среднего образования.

      9. Подробное описание последовательности процедур (действий), взаимодействий структурных подразделений (работников) услугодателя в процессе оказания государственной услуги отражены в справочнике бизнес-процессов оказания государственной услуги согласно приложения к настоящему Регламенту.

  Приложение
к регламенту
государственной услуги
"Прием документов для
участия в
конкурсе на замещение
руководителей государственных
учреждений среднего
образования"

Справочник бизнес-процессов оказания государственной услуги



Условные обозначения