Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласының Наурызбай ауданының әкімінің 20.11.2018 № 3 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабы сәйкес, Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің 2015 жылғы 25 ақпандағы "Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" № 1 шешіміне (2015 жылы 27 ақпанда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 1130 болып тіркелген, "Алматы ақшамы" газетінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 24-26 (5060) санында және "Вечерний Алматы" газетінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 25 санында жарияланған) (бұдан әрі - шешім) келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған шешімнің кіріспесі келесі редакцияда мазмұндалсын:
"Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 23 бабының 1, 2 – тармағы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабы және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V "Құқықтық актілер туралы" Заңының 42 бабының 2 тармақтың 4) - тармақшасы негізінде, Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:".
2. Осы шешімді Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді жүргізсін, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай - ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген интернет – ресурста және Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының ресми интернет – ресурсында жарияласын.
3. Осы шешім әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау жүргізу Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
С. Сайфеденов |