"Солтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 19 наурыздағы № 33/5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 23 қаңтардағы № 10/4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 16 ақпанда № 4051 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 21/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 28.09.2022 № 21/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 19 наурыздағы № 33/5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 24 сәуірде № 3232 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 мамырда "Солтүстік Қазақстан" және 2015 жылғы 5 мамырда "Северный Казахстан" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Қағидалардың 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі түсініктер пайдаланылады:

      1) жануарлар – фаунаға жататын биологиялық объектілер: ауыл шаруашылығы, үй және жабайы жануарлар;

      2) жануарларды эвтаназиялау – жануарларды өлер алдында қинамау үшін, оларды ізгілік әдістермен жансыздандыру;

      3) үй жануарлары – иттер, мысықтар және ұзақ тарихи кезең бойы дәстүрлі түрде адам көмегімен өсірілетін және бағылатын басқа да жануарлар, сонымен қатар адамның эстетикалық мұқтажын қанағаттандыру үшін жасанды жолмен өсіріп шығарған және жабайы популяциясы жоқ өмірге қабілетті, жеке морфологиялық белгілері ұқсас өзгешеліктері бар және ұзақ уақыт бойы табиғи ареалда өмір сүретін жануарлардың түрлері мен тұқымдары."

      2. Осы шешім оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан
облыстық мәслихаттың
Х сессиясының төрағасы
В.Притчин
      Солтүстік Қазақстан
облыстық мәслихаттың
хатшысы
В.Бубенко

О внесении изменений в решение Северо-Казахстанского областного маслихата от 19 марта 2015 года №33/5 "Об утверждении Правил отлова и уничтожения бродячих собак и кошек на территории населенных пунктов Северо-Казахстанской области"

Решение Северо-Казахстанского областного маслихата от 23 января 2017 года № 10/4. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 16 февраля 2017 года № 4051. Утратило силу решением Северо-Казахстанского областного маслихата от 28 сентября 2022 года № 21/5

      Сноска. Утратило силу решением Северо-Казахстанского областного маслихата от 28.09.2022 № 21/5 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 26 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" Северо-Казахстанский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Северо-Казахстанского областного маслихата от 19 марта 2015 года № 33/5 "Об утверждении Правил отлова и уничтожения бродячих собак и кошек на территории населенных пунктов Северо-Казахстанской области" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов 24 апреля 2015 года № 3232, опубликовано 5 мая 2015 года в газетах "Солтүстік Қазақстан" и 5 мая 2015 года "Северный Казахстан") следующие изменения:

      пункт 2 Правил, утвержденных указанным решением изложить в новой редакции:

      "2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) животные – биологические объекты, принадлежащие фауне: сельскохозяйственные, домашние и дикие животные;

      2) эвтаназия животных – гуманные методы умерщвления животных, исключающие их предсмертные страдания;

      3) домашние животные – собаки, кошки и другие животные, которые в течение продолжительного исторического периода традиционно содержатся и разводятся человеком, а также животные видов или пород, искусственно выведенных человеком для удовлетворения эстетических нужд и не имеющих, жизнеспособных диких популяций, состоящих из особей с аналогичными морфологическими признаками, и существующих продолжительное время в их естественном ареале.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Х сессии
Северо-Казахстанского
областного маслихата
В.Притчин
      Секретарь
Северо-Казахстанского
областного маслихата
В. Бубенко