Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы əкімдігінің 17.06.2020 № 163 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беру немесе қайтарып алуды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі |
Е.Сұлтанов |
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 30 қаулысымен бекітілді |
"Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беру немесе қайтарып алуды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беру немесе қайтарып алуды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 11 маусым № 11304 тіркелді) бекітілген "Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беру немесе қайтарып алуды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
1) Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беруді тіркеу туралы анықтама не Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беруді тіркеуден бас тарту туралы анықтама (бұдан әрі - бас тарту туралы анықтама);
2) Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісімді қайтарып алуды тіркеу туралы анықтама (бұдан әрі – қайтарып алу туралы анықтама).
5. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі - жұма аралығында сағат 08.00-ден бастап 20.00-ге дейін үзіліссіз, сенбі күні – сағат 09.00-ден 14.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) құжаттарды ұсына отырып жүгінуі болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;
2) Стандартқа 4 немесе 5 қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) дәрігер көрсетілетін қызметті алушыны жеке куәлік мәліметтері бойынша сәйкестендіруді жүргізеді, осы көрсетілетін қызметті берушіге бекіту бар болуын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы Стандартқа 4 немесе 5 қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш толтырады – 15 (он бес) минут;
2) дәрігер транспланттау мақсатында қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беруді және бас тартуды тіркеу журналына жазу жазады - 15 (он бес) минут;
3) дәрігер көрсетілетін қызметті алушыны медициналық қарап-тексеруді жүргізеді және Стандартқа 1 немесе 3 қосымшаларға сәйкес нысан бойынша анықтама дайындайды – 2 (екі) жұмыс күні.
Транспланттау жүргізуге қарсы көрсетілімдер (туберкулез, АИТВ/ЖИТС, В және С гепатиттері, психикалық және мінез-құлық бұзушылықтары, алкогольге және (немесе) есірткіге тәуелділік, жыныстық жолмен жұғатын инфекциялар) бар жағдайда Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама беріледі;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы анықтамаға қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің мөрін қояды – 3 (үш) сағат;
5) дәрігер көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін береді – 5 (бес) минут.
8. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдау;
2) көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерін транспланттау мақсатында қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беруді және бас тартуды тіркеу журналына тіркеу;
3) көрсетілетін қызметті алушының медициналық қарап-тексеруін дәрігермен жүргізілуі;
4) көрсетілетін қызметті беруші басшысының анықтамаға қол қоюы және көрсетілетін қызметті берушінің мөрін қоюы;
5) дәрігердің көрсетілетін қызметті алушыға анықтаманы беруі.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау
9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) дәрігер;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
10. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсетіп, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
1) дәрігер көрсетілетін қызметті алушыны жеке куәлік мәліметтері бойынша сәйкестендіруді жүргізеді, осы көрсетілетін қызметті берушіге бекіту бар болуын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы Стандартқа 4 немесе 5 қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш толтырады – орындау уақыты 15 (он бес) минут;
2) дәрігер транспланттау мақсатында қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беруді және бас тартуды тіркеу журналына жазу жазады - орындау уақыты 15 (он бес) минут;
3) дәрігер көрсетілетін қызметті алушыны медициналық қарап-тексеруді жүргізеді және Стандартқа 1 немесе 3 қосымшаларға сәйкес нысан бойынша анықтама дайындайды – орындау уақыты 2 (екі) жұмыс күні.
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы анықтамаға қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің мөрін қояды – орындау уақыты 3 (үш) сағат;
5) дәрігер көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін береді – орындау уақыты 5 (бес) минут.
11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерін (іс-қимылдарын), өзара іс-қимылдары реттілігін толық сипаттау осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамымен (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимылдар тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
12. Мемлекеттік қызмет Мемлекеттік корпорация және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілер арқылы көрсетілмейді.
13. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану Стандарттың 3-бөліміне сәйкес жүзеге асырылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктерін ескерілген өзге де талаптар
14. Көрсетілетін қызметті берушінің үй-жайларында мүмкіндігі шектелген көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар (пандустар және лифтер) көзделген.
15. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрліктің www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет" бөлімінде, сондай-ақ "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастырылған.
16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары арқылы алуға құқығы бар.
17. Мемлекеттік қызметтер көрсету сұрақтары жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету сұрақтары бойынша бірыңғай байланыс-орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
Мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдардың тізбесі
Реттік № | Ұйымның атауы | Ұйымның мекенжайы | Қабылдау уақыты |
1 | Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "№1 қалалық емхана" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны |
Петропавл қаласы, Әуезов көшесі,130, |
дүйсенбі мен жұма аралығында 08.00-20.00 |
2 | Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "№ 2 қалалық емхана" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны |
Петропавл қаласы, Васильев көшесі,123 |
дүйсенбі мен жұма аралығында 08.00-20.00 |
3 | Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "№ 3 қалалық емхана" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны |
Петропавл қаласы, Юбилейная көшесі, 7а |
дүйсенбі мен жұма аралығында 08.00-20.00 |
4 | "Денсаулық" жеке меншік коммерциялық емес мекемесі |
Петропавл қаласы, Шухов көшесі, 34 |
дүйсенбі мен жұма аралығында 08.00-20.00 |
5 | Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Айыртау орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылы, Хайров көшесі, 1, 8(71533) 2-29-71 |
дүйсенбі мен жұма аралығында 08.00-20.00 |
6 | Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Ақжар орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | Ақжар ауданы, Талшық ауылы, Әуезов көшесі 19, 8(71546) 2-11-32 |
дүйсенбі мен жұма аралығында 08.00-20.00 |
7 | Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Аққайың орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны |
Аққайың ауданы, Смирнов ауылы, Молодежная көшесі, 6 |
дүйсенбі мен жұма аралығында 08.00-20.00 |
8 | Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Явленка орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны |
Аққайың ауданы, Смирнов ауылы, Амангельді Иманов көшесі, 78 |
дүйсенбі мен жұма аралығында 08.00-20.00 |
9 | Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Жамбыл орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны |
Жамбыл ауданы, Пресновка ауылы, Логовая көшесі, 46 |
дүйсенбі мен жұма аралығында 08.00-20.00 |
10 | Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Мағжан Жұмабаев ауданының орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны |
Мағжан Жұмабаев ауданы, Булаев қаласы, Мир көшесі, 8, |
дүйсенбі мен жұма аралығында 08.00-20.00 |
11 | Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Қызылжар орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны |
Қызылжар ауданы, Бескөл ауылы, Пирогов көшесі, 19 |
дүйсенбі мен жұма аралығында 08.00-20.00 |
12 | Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Мамлют орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны |
Мамлют ауданы, Мамлютка қаласы, |
дүйсенбі мен жұма аралығында 08.00-20.00 |
13 | Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны |
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишимское ауылы, Мир көшесі, 1, |
дүйсенбі мен жұма аралығында 08.00-20.00 |
14 | Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Тайынша орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны |
Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, Крыжановский көшесі, 72 |
дүйсенбі мен жұма аралығында 08.00-20.00 |
15 | Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Тимирязев орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны |
Тимирязев ауданы, Тимирязев ауылы, Горький көшесі, 1 |
дүйсенбі мен жұма аралығында 08.00-20.00 |
16 | Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Уәлиханов орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны |
Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл ауылы, С.Мәліков көшесі, 100 |
дүйсенбі мен жұма аралығында 08.00-20.00 |
17 | Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Шал ақын ауданының орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны |
Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласы, Гончаров көшесі, 119 |
дүйсенбі мен жұма аралығында 08.00-20.00 |
"Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беру немесе қайтарып алуды тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Шартты белгілер: