Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы əкімдігінің 02.03.2020 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қоса беріліп отырған "Балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі |
Қ. Ақсақалов |
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 10 қазандағы № 406 қаулысымен бекітілді |
"Балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті) "бұйрығымен" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 cәуірдегі № 198 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11184 болып тіркелді) бекітілген "Балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленген, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымшаға сәйкес аудандар мен Петропавл қаласының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштер қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – стандарттың 1-қосымшаға сәйкес балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуіне қамқорлық және қорғаншылық органның рұқсаты не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 6-тармағында көзделген жағдайлар және негіздер бойынша бас тарту туралы дәлелді жауабы (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі).
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
5. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға
негіз көрсетілетін қызметті алушының жүгінуі және көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды (бұдан әрі - құжаттар топтамасы) қабылдауы болып табылады:
1) Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтініші;
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
3) ата-ана құқықтарынан айыру туралы сот шешімі;
4) ішкі істер органының мінездемесі.
6.Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау болып табылады.
7. Мемлекетік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әр рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар топтамасын қабылдауды жүзеге асырады, оларды тіркейді, көрсетілетін қызмет берушінің басшысына береді - 20 (жиырма) минут;
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін регламентінің 5-тармағында көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттар топтамасымен танысады, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды, тиісті бұрыштама қояды және құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жібереді - 15 (он бес) минут;
3) көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын зерделейді, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға береді- 4 (төрт) жұмыс күні;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жібереді - 15 (он бес) минут;
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді - 15 (он бес) минут.
8.Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижелері:
1) құжаттар топтамасын тіркеу;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұрыштамасы;
3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасы;
4) көрсетілетін қызметті беруші басшысының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қоюы;
5) қол қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі, оны көрсетілетін
қызметті алушыға беру.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
9. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау, әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар топтамасын қабылдауды жүзеге асырады, оларды тіркейді, қызмет берушінің басшысына береді - 20 (жиырма) минут;
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 5-тармағында көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттар топтамасымен танысады, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды, тиісті бұрыштама қояды және құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жібереді - 15 (он бес) минут;
3) көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын зерделейді, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға береді - 4 (төрт) жұмыс күні;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды және қызмет берушінің кеңсесіне жібереді - 15 (он бес) минут;
5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді - 15 (он бес) минут.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті әр рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) өзара іс-қимыл рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігін сипаттау осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.
4. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге көрсетілетін қызметті
берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті
көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
10. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ және "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсетілмеді.
"Балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша |
Көрсетілетін қызметті берушілердің тізімі
№ | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Көрсетілетін қызметті беруші орналасқан жердің мекенжайы | Жұмыс кестесі |
Петропавл қаласы | |||
1 | "Петропавл қаласы білім беру бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы Қазақстан Конституциясы көшесі, 23 | Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 9.00 -ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-тен 14.30-ға дейін. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі |
Айыртау ауданы | |||
2 | "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы білім беру бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Саумалкөл ауылы 20 ықшамаудан | Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 9.00 -ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-тен 14.30-ға дейін. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі |
Ақжар ауданы | |||
3 | "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы білім беру бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Талшық ауылы Целинная көшесі, 13а | Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 9.00 -ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-тен 14.30-ға дейін. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі |
Аққайың ауданы | |||
4 | "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы білім беру бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирново ауылы Труд көшесі, 16 | Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 9.00 -ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-тен 14.30-ға дейін. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі |
Есіл ауданы | |||
5 | "Есіл ауданы білім беру бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылы Ленин көшесі, 12 | Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 9.00 -ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-тен 14.30-ға дейін. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі |
Жамбыл ауданы | |||
6 | "Жамбыл ауданы білім беру бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка ауылы Шайкина көшесі 30 | Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 9.00 -ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-тен 14.30-ға дейін. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі |
Мағжан Жұмабаев ауданы | |||
7 | "Мағжан Жұмабаев ауданы білім беру бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы Комаров көшесі, 16 | Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 9.00 -ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-тен 14.30-ға дейін. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі |
Қызылжар ауданы | |||
8 | "Қызылжар ауданы білім беру бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылы Молодежная к-сі, 2 | Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 9.00 -ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-тен 14.30-ға дейін. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі |
Мамлют ауданы | |||
9 | "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы білім беру бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Мамлютка қаласы Абай Құнанбаев к-сі, 5 | Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 9.00 -ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-тен 14.30-ға дейін. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі |
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан | |||
10 | "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім беру бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Новоишимское ауылы Ленин к-сі, 2 | Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 9.00 -ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-тен 14.30-ға дейін. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі |
Тайынша ауданы | |||
11 | "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы білім беру бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласы Қазақстан Конституциясы к-сі, 206 | Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 9.00 -ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-тен 14.30-ға дейін. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі |
Тимирязев ауданы | |||
12 | "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы білім беру бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Тимирязево ауылы Уәлиханов к-сі, 25 | Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 9.00 -ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-тен 14.30-ға дейін. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі |
Уәлиханов ауданы | |||
13 | "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы білім беру бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылы Жамбыл к-сі, 76 | Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 9.00 -ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-тен 14.30-ға дейін. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі |
Шал ақын ауданы | |||
14 | "Шал ақын ауданы білім беру бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Сергеевка қаласы Желтоқсан к-сі, 14 | Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 9.00 -ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-тен 14.30-ға дейін. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі |
"Балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша |
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің
бизнес-процестерінің анықтамалығы
Шартты белгілер