Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы əкімдігінің 06.12.2019 № 315 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 03 шілдедегі Заңының 8-бабы 1-тармағының 20-5) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Cолтүстік Қазақстан облысындағы спорттың басым түрлерінің қоса берілген тізбесі бекітілсін.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде тіркеуді;
2) осы әкімдіктің қаулысын мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекетік және орыс тіліндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы - Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;
3) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөнінде орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі |
Қ. Ақсақалов |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі |
А.Мұхамедиұлы |
2017ж. желтоқсан 04 |
Солтүстік Қазақстаноблысы әкімдігінің 2017 жылғы 05 желтоқсандағы № 485 қаулысымен бекітілген |
Солтүстік Қазақстан облысындағы спортың басым түрлерінің тізбесі
Топтардыңатауы | Олимпиадалық емес спорт түрлерінің атауы | Жазғы олимпиадалық спорт түрлерінің атауы | Қысқы олимпиадалық спорт түрлерінің атауы | Ұлттық спорт түрлерінің атауы | Паралимпиадалық спорт түрлерінің атауы |
"А" тобы |
Акробатика |
Бокс |
Биатлон |
Аударыспақ |
Мүгедектер спорты: |
"В" тобы |
Белбеу күресі |
Су добы | Керлинг |
Аламан бәйге | - |
"С" тобы |
Джиу-джитсу |
Каратэ-до | Шорт-трек |
Қыз қуу | - |