1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоселов ауылдық округі Привольное ауылының "Колос" фермерлік қожалығы мал шаруашылығы фермасының аумағында ірі қара мал арасында жұқпалы ринотрахеит ошағының жойылуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоселов ауылдық округі Привольное ауылының "Колос" фермер қожалығы мал шаруашылығы фермасының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоселов ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 13 ақпандағы № 7 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілердің 2017 жылғы 16 ақпандағы № 4050 мемлекеттік тізілімінде тіркелді, 2017 жылғы 20 ақпандағы "Есіл Өңірі" аудандық газетінде, 2017 жылғы 20 ақпандағы "Новости Приишимья" аудандық газетінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоселов ауылдық округінің әкімі |
Ш. Мусин |