"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 8-тармағына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 Қаулысының 2-тармағына сәйкес, Қызылжар ауданы әкімі мәлімдеген қажеттілікті есепке ала отырып, Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының ауылдық елдi мекендеріне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына 2018 жылы жетпiс еселiк айлық есептiк көрсеткiшке тең сомада көтерме жәрдемақы, өтініш берген сәттен бастап ұсынылсын.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына 2018 жылы тұрғын үй алу немесе салу үшін маманмен өтініш берілген сомада, бірақ бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау өтініш берген сәттен бастап ұсынылсын.
3. Осы шешімнің 1 және 2-тармағының күші сонымен қатар, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринария пункттеріндегі ветеринария мамандарына қолданылады.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихаты сессиясының төрағасы |
Е. Габдулин |
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының хатшысы |
А. Молдахметова |