"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік–аумақтық құрылымы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4 тармағына сәйкес, 2015 жылдың 14 сәуірдегі облыстық ономастика комиссиясының № 4-1 қорытындысы негізінде және халықтың пікірлерін ескере отырып, Новоникольск ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Новоникольское ауылының Революционная көшесі Иван Куренков атындағы көшесіне болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.